Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1852088
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше «Әзербайжан мен Армения арасындағы қалыпқа келу процесіне қолдау береміз. Аймақта түбегейлі бейбітшілік болуы керек» деді.

Стар газеті «Түркиядан Украина мәлімдемесі» деген хабарға орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрлігі түрік және украин әскери делегацияларының Анкарада бас қосқанын білдірді.  Түрік және Украина әскери делегациялары аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік тақырыптарында көзқарас алмасты.

Ватан газеті терроризммен күрес тақырыбына орын берген.  Хабарға қарағанда Ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Чатаклы террорлық ұйымдарға қарсы маусым айында жүргізілген операцияларда 142 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Сабах газеті «Түркияның қатынас және коммуникация инфрақұрылымын нығайтамыз» деген хабар жариялаған.  Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу соңғы 20 жылда Түркияның қатынас және коммуникация инфрақұрылымына 183 миллиард доллар инвестиция салынғанын айтты. «Осы арқылы ұлттық табысқа 520 миллиард доллар және өндіріске 1 триллион 79 миллиард доллар үлес қосылды» деді ол.

Хүрриет газеті «Нафиа Куштан алтын медаль» деген хабар жариялаған. Түрік таэквондошы Нафиа Куш Алжирде өтіп жатқан Жерорта теңізі ойындарында әйелдер арасында +67 келіде алтын медаль алды.



Ұқсас жаңалықтар