Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1850695
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: Қол қойған меморандум--тарихи жеңіс» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Испанияның Мадрид қаласында өткен НАТО көшбасшылары жиналысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Швеция, Түркия, Финляндия үшжақты меморандумы Түркия мен ұлтымыз тұрғысынан қиын келіссөздер үдерісінен кейін қол жеткізген дипломатиялық жеңісі болып табылады» деді.

Хүрриет газеті «АҚШ президенті Байден: Түркияға F-16 ұшақтарын сатуымыз керек» атты хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден НАТО Лидерлер Саммитінен кейін жасаған мәлімдемесінде «Түркияға F-16 сатуымыз керек. Бұл біздің мүддемізге қайшы емес. Алайда Конгресс мақұлдауы керек, бұған қол жеткізе аламыз» деп көрсетті.

Сабах газеті «Испания премьер-министрі Санчес Түркияға алғыс айтты» деген хабар жариялады. Испания премьер-министрі Педро Санчес Мадридте өткен НАТО саммитінде Түркияға «конструктивті көзқарасы» үшін алғыс айттым. Санчес «Түркия қауіпсіздік және араағайындықта маңызды ортақ. Бүгін президент Ердоғанмен кездестім. Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтату және диалогты ілгерілету жолындағы дипломатиялық күш-жігері және оның оңтүстік қанатын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айттым» деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті «Түркияның мамырдағы экспорты артты» деген хабарға орын берген. Түркияның экспорты мамыр айында өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 15.3 пайыздық артумен 18 миллиард 984 миллион долларға жетті. Мамыр айындағы экспортта Германия бірінші орынды иеледі. Германияға 1 миллиард 492 миллион долларлық экспорт жасалды.

Стар газеті «Түркия тағы бір алтын медаль иеледі» атты хабар жариялаған. Алжирде ұйымдастырылған 19-шы Жерорта теңізі ойындарының 5-ші күнінде ұлттық дзюдошы Ведат Албайрак 81 килода финалда италиялық қарсыласы Кенни Коми Беделді жеңіп алтын медальға қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар