Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1844694
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Сыртқы істер министрлігінен Германияға жауап» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Танжу Билгич Германия Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісінің Грекияға қамқорлық жасап, Түркияны нысанаға алған мәлімдемесіне қатаң наразылық білдірді. Билгич «Неміс мәлімдемешінің еліміздің әуе кеңістігін бұзып, әскери ұшақтарымызға қауіп төндірген тарап Грекия екеніне қарамастан елімізге негізсіз айып тағып отыруына жол берілмейді» деді.

Стар газеті «Министр Акар грек әріптесі Панагиотопулоспен кездесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше Грекия Қорғаныс министрі Никос Панагиотопулоспен кездесті. Кездесуде «бар мәселелерді шешу үшін байланысты үзбеу, оң күн тәртібіне назар аудара отырып, көршілік қарым-қатынастар мен өзара және аймақтық бейбітшілікке үлес қосып, қызуды азайту мақсатты келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығы» тілге тиек етілді.

Ватан газеті «Министр Муш: Биылғы экспорттағы нысанамыз 250 миллиард доллар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Мехмет Муш кеше жасаған мәлімдеме «Түркия ретінде өткен жылы 225 миллиард долларлық тауар экспорттадық. Биылғы нысанамыз 250 миллиард доллар және жоғарысы. Біз бұл мақсатқа нық қадам басып келеміз» деді.

Хабер түрік газеті «Ресейдің Түркиядағы демалысқа деген сұранысы ұсыныстан асып түседі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей Тур операторлар одағы "АТОР" Түркиядағы демалыстарға сұраныстың ұсыныстан асып кеткенін, 2-3 күннен соң Мәскеуден Анталияға рейс табудың мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Сабах газеті «Круиздік кеме Бодрумға мың 411 жолаушы әкелді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бодрумда теңіз туризмінде белсенділік жалғасуда. Ұзындығы 323 метр, Италия жалаулы «Коста Венеция» атты круиздік кемесі Бодрумға 4-ші рет келді. Басым түрде неміс, итальян, испан және португал болып табылатын жалпы 1 мың 411 жолаушысы бар круиз кеме Бодрум портында аялдады.



Ұқсас жаңалықтар