Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1842650
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған: "Алғаш газ 2023 жылы жүйеге қосылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Қаратеңіз газ құбыры мен дәнекерлеу рәсімінде жасаған мәлімдемесінде «2023 жылы тәулігіне 10 миллион текше метр газ жүйеге қосылады» деді.

Сабах газеті «Министр Чавушоғлудан СКТР-да Грекияға нақты хабарлама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татармен бірлескен баспасөз мәслихатында Грекиямен соңғы кезеңде болған шиеленістер туралы «Өз құқықтарымызды қорғау тақырыбында табандымыз. Біз шиеленісті емес, ынтымақтастықты жақтаймыз. Грекия заңды жауап қайтармайды. Грекия халықаралық қауымдастықтың алдына барып жылайды. Мәселелер болса, келіссөздер арқылы шешуге болады» деді.

Стар газеті «Өнеркәсіп өндірісінің индексі жылдық тұрғыдан 10,8 пайыз өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі кеше сәуір айындағы өнеркәсіптік өндіріс индексінің нәтижелерін жариялады. Осыған сәйкес күнтізбеден тазартылған өнеркәсіп өндірісі индексі сәуір айында өткен жылдың бірдей айына қарағанда 10,8 пайыз өсті. Түзету енгізілмеген өнеркәсіп өндірісі индексі болса жылдық тұрғыдан 10,5 пайызға өсті.

Ватан газеті «Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны 3 миллионнан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны биыл 3 миллионнан асты. Қалалық Мәдениет және туризм басқармасының мәліметіне қарағанда, 1 қаңтар мен 12 маусым күндері аралығында қалаға әуе жолы арқылы келген турист саны 3 миллион 104 мың 300-ге жетті.

Хабер түрік газеті «Адем Асилден алтын медаль» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Хорватияда өткен көркем гимнастикадан Әлем чемпионаты кубогында ұлттық спортшы Адем Асил сақинада гимнаст категориясында алтын медальді жеңіп алды.



Ұқсас жаңалықтар