Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1840182
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Президент Ердоған: Бұл жолы алдай алмайды, кешірсін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Венесуэла президенті Николас Мадуромен баспасөз мәслихатында «Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігіне көзқарасы» туралы қойылған сұраққа «Грекия және Франциямен болған жағдайды олармен бастан кешкіміз келмейді» деді. Қазір Грекияда 9 американдық база бар екенін атап көрсеткен Ердоған «Бұларды «кімге қарсы аштыңыз?’ деп сұрасаң, ‘Ресей’ дейді. Бұл жолы алдай алмайды, кешірсін» деді.

Хүррийет газеті «Чавушоғлу: Дәнді дақыл дәлізі жоспары Қаратеңіз аймағында жүзеге асырылуы мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өткізген  ортақ баспасөз мәслихатында Қаратеңізде дәнді дақыл дәлізінің ашылуына байланысты «Түркия-Ресей-Украина арасындағы механизмді қамтитын Біріккен Ұлттар Ұйымының жоспарын ақылға қонымды және орындалатындай деп есептейміз» деді.

Сабах газеті «Угур Шахин және Өзлем Турежидің жаңа жетістігі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда коронавирустық BioNTech вакцинасын ойлап тапқан Угур Шахин мен Өзлем Турежи бұл жолы қатерлі ісікке үміт болды. BioNTech сарапшылары ковид-19 вакцинасында қолданатын технологияны пайдалана отырып ұйқы безінің қатерлі ісігін емдейтін жетістікке жетті. Атқарылған жұмыстарға халықаралық қоғамда көпшілік жоғары баға берді.

Хабер түрік газеті «ЕЭЫДҰ Түркияның өсу болжамын көтерді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЕЭЫДҰ) 2022 жылға арналған жаһандық экономикалық өсу болжамын 4,5 пайыздан 3 пайызға төмендетсе, түрік экономикасының өсу болжамын 3,3 пайыздан 3,7 пайызға көтерді.

Стар газеті «Стамбул әуежайына қос жүлде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы АҚШ-тың «Global Traveler» туристік журналының «2022 Leisure Lifestyle Awards» жүлделері аясында «Үздік трансфер әуежайы» және «Үздік отбасылық халықаралық әуежай» категорияларында марапатталды.



Ұқсас жаңалықтар