Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1830676
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті « Түркияның НАТО мүшелігі наразылығы АҚШ баспасөзінде орын алды» атты хабар жариялаған. Түркияның Швеция және Финляндияның НАТО мүшелік өтінішіне қарсы шығып, шарттарын ұсынуы әлемде жаңғырық жаратты. Америка Құрама Штаттарында шығатын «The Hill» газеті де бұл тақырыпты тілге тиек етті. Газет АҚШ депутаты Бен Кардиннің сөздеріне орын берді. Түркияның Ресей-Украина соғысы барысында өте керемет саясат ұстанғанын түсіндірген Кардин «Біз Түркиямен жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек» деп көрсетті.

Йени Шафак газеті «Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Израильге барады» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 25 мамыр сәрсенбі күні Израильге барады. Бұл сапар 15 жылдан кейін Түркиядан Изриальге сыртқы істер министрі деңгейіндегі бірінші сапар болады.

Стар газеті «Министр Кожа маймыл шешегі ауруы жайлы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа "Маймыл шешегі" ауруы жайлы: "Хайуаннан адамдарға да жұғатын бұл ауру індетке себеп болмайды" деді.

Хабер түрік газеті «Түрік сауытты әскери көлігі «Yörük» алғашқы міндетін Африкада атқарады» деген хабарға орын берген. Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемнің назарын аударуын жалғастыруда.  Түрік қорғаныс өнеркәсібі тармағында өндірілген тағы бір сауытты әскери көлігі «Yörük» алғашқы міндетін Чадта атқарады.

Хүрриет газеті «VakıfBank командасы CEV-Еуропа чемпионы» атты хабар жариялаған. Түркия және Әлем чемпионы VakıfBank командасы CEV Чемпиондар лигасында тарихи жеңістеріне тағы бір жеңіс қосты.VakıfBank командасы CEV Чемпиондар лигасы Супер ақтық сайысында Италияның Воллей командасын  3-1 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионы болды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар