Түрік баспасөзіне шолу

Түркияда шығатын газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1816380
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған TURKOVAC миллиондаған адамға шипа беруде» деген хабарға орын берді. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті кезінде вакцинаға алғаш рет қол жеткізген санаулы елдер қатарында орын алғанын, сонымен қатар отандық вакцина TURKOVAC-ты дамытып, әлемдік деңгейге жеткізуге талпынғандарын айтты. Ердоған «TURKOVAC әлемнің барлық елінде миллиондаған адамға шипа беруде» деп көрсетті.

Сабах газеті «“Пенче-Килит” операциясы арқылы террорды жойды» атты хабар жариялаған. Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы “Пенче-Килит” атты операция жасауда. Ендігі нысана ұйымның ауыз жүзіндегі орталығы Кандил мен Гара аймағы екені білдірілуде. 

Хабер Түрік газеті «Акар: Мақсатымыз террордың қайнар көзін жою» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар PKK-ға қарсы ұйымдастырылған “Пенче-Килит” операциясының мақсаты террордың қайнар көзін жою екенін білдірді. Акар «Ирак қатарлы барлық көршілеріміздің территория тұтастығына, тәуелсіздігіне және егемендігіне құрмет көрсетеміз» деді. 

Йени Шафак газеті «Түркия Иракқа нота берді» деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Танжу Билгич “Пенче-Килит” операциясымен байланысты Ирак органдары тарапынан жасалған мәлімдемеге мазысыз болғанын, сондай-ақ Ирактың Түркиядағы уақытша сенімді өкіліне нота берілгенін жариялады. Билгич «Ирак тарапынан күткенімізді Ирактың Түркиядағы уақытша сенімді өкілін министрлігімізге шақырып, жеткіздік» деді. 

Стар газеті «Қызыл алмаға барша әлем қызығушылық көрсетуде» атты хабарға орын берді.  Түрік Ұшқышсыз әуе көліктері өндірушісі Байрактар Технология компаниясының Қызыл алма Жауынгерлік ұшқышсыз ұшақ жүйесіне барша әлем назар аударуда. «Cube Software» тарапынан дамытылған «Modern Warships» атты ойында жаңаланумен бірге Қызыл алма да орын алды. 

Аспанда 5 сағат ұшатын Қызыл алманың 2023 жылы алғашқы ұшу сынағын жасауы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар