Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1778135
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Шуша декларациясы күшіне енді» деген хабарға орын берген.  2021 жылдың 15 маусым күні Әзербайжанның Шуша қаласында қол қойылған,  Түркия мен Әзербайжан арасында одақтастық қатынастары жөніндегі Шуша декларациясының ратификациясын бекіту туралы заң Ресми газетте жарияланды.  Осыған орай Түркия мен Әзербайжан әрі әскери, әрі қорғаныс саласында бірге қозғала алады.

Хүрриет газеті «Түрік Әуе жолдарынан Украина рейстері туралы хабарлама» деген тақырып қолданған.  Хабарға қарағанда,  түрік авиакомпаниясы Украинадағы оқиғаларға байланысты осы елге билет алған жолаушыларға билет қайтару және өзгерту хақын бергенін білдірді.  Рейстер де жалғасып жатыр.

Сабах газеті «100 ел Түркиядан дайын киім алуға келді» деген хабар жариялаған. 9-11 ақпан күндерінде Стамбулда өткен Стамбул Fashion Connection дайын киім және мода көрмесіне адам толды. Көрмеге 600-ге жуық фирма мен үш мыңнан астам алушы қатысты. Көрмені 25 мың адам аралады. Сонымен бірге 100 елден сатып алушы келді.

Хабер Түрік газеті тері экспортына орын берген. Түркияның тері және тері өнімдері секторы қаңтар айында өткен жылдың сол айымен салыстырғанда 21,5 пайыз артты.  133,3 миллион долларлық экспорт жүзеге асты. Өткен ай ең көп тері және тері өнімдері сатылған алғашқы үш ел Германия, Ресей және Италия болды. Германияға 12,8 миллион доллар, Ресейге 10,8 миллион доллар және Италияға 9,4 миллион долларлық экспорт жасалды.

Йени Шафак газеті «Түркия ағаштандыруда Еуропада бірінші,  әлемде төртінші орында» деген хабарға орын берген.  Орман инженерлері палатасы басшысы Хасан Түрікйылмаз Түркияның ең көп ағаштандырылған елдер тізімінде Еуропада бірінші, әлемде төртінші орында екенін айтты. Ол «30 жыл бұрын Түркияның территориясының 19,78 миллион гектарлық алаңы орман еді. Бүгінгі күні 22,9 миллион гектарлық алаңы орманды жер» деді.



Ұқсас жаңалықтар