Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1775124
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Эмине Ердоған: Жағдайымыз жақсарып келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) жұқтырған президент Режеп Тайып Ердоғанның денсаулығының жақсарып келе жатқанын атап көрсетті. Калын «Дәрігерлердің болжамы бойынша (сынама нәтижесі) бірнеше күннен кейін теріс шығады» деді. Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған болса жеке Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады. 

Йени шафак газеті «НАТО мен Германиядан Ердоғанға Украина алғысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоғанның Ресей-Украина шиеленісіне саяси шешім іздеуге бағытталған дипломатиялық бастамасына НАТО мен Германиядан қолдау мен алғыс келді. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ердоғанға телефон шалғанын атап «Саяси шешім ізденісіндегі белсенді қолдауы және жеке күш-жігері үшін алғысымды айттым» деді. Германия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Кристофер Бургер болса Түркияның талпыныстарын құптағандарын айтты. 

Хабер түрік газеті «СКТР-нан Еуропаға наразылық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Еурокомиссия Құрылымдық реформаларды қолдау департаменті бас директоры Марио Наваның Кипрдегі екі мемлекетті шешімінің қабылданбайтыны жөніндегі мәлімдемелеріне қатаң наразылық білдірді. СКТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Еуроодақ лауазымдыларының Кипр мәселесінің шешіміне қатысты пікір білдіріп, үкім шығаруының моральдық немесе заңдық мәні жоқ» делінді. 

Стар газеті «Игілік пойызы Ауғанстанға жетті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркиядағы әртүрлі азаматтық қоғам мекемелері, Ішкі істер министрлігі, Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) тарапынан ұйымдастырылған «Игілік пойызы» Ауғанстанға жетті. Президент Ердоғанның «Игілік пойызы» туралы тапсырмасының артынан іске кіріскен түрік мекемелерінің лауазымды тұлғалары пойыздың үйлестіруіне үлкен күш салып, қиын тапсырманы сәтті аяқтады.

Сабах газеті «Бүкіл елде Turkovac бақыты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы өндірілген отандық Turkovac вакцинасын кешеден бастап Түркияның түкпір-түкпірінде сала бастады. Азаматтар «Мақтанышты және бақыттымыз. Мемлекет пен түрік дәрігерлеріне сенеміз» десе, денсаулық сақтау қызметкерлері «Отандық вакцинаны күтіп отырған елеулі топ бар болатын. Азаматтар алғашқы күні үлкен қызығушылық танытты» деді. 



Ұқсас жаңалықтар