Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1770724
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркияның медициналық инфрақұрылымы дамыған елдерден артық» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның медициналық инфрақұрылымының қалалық ауруханалар, қызметкерлері, жедел жәрдем көліктері және вакцинасымен, дәрісімен дамыған елдерден де асып түскенін білдірді. Президент Түркияның энергия мұқтаждығын қамдауда отандық және жаңаланатын ресурстар мөлшерін әрдайым көбейтіп отырғандарын, ел өнеркәсібін өндіріс және экспорт күшімен әлемнің беделді баламаларының біріне айналдырғандарын айтты.

Стар газеті «Түркия – Ресей мен Украина үшін сенімді серік» деген хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда,  әзербайжандық маман Туран Рзаев президент Ердоғаннын Ресей мен Украина арасындағы араағайындық ұсынысына баға берді. Ол екі ел үшін ең сенімді серіктің Түркия екенін айтты. Рзаев «Анкараның әрі Киев, әрі Мәскеумен байланысы жақын. Осы мағынада Түркияның араағайындығы тараптардың келісуінде өте маңызды» деді.

Сабах газеті «Түркия Ливияда теңгерімді өзгертті» деген хабарға орын берген. Катардағы «Әл Жазира» газетіндегі мақалада Түркияның Ливиядағы әскери және саяси болмысының Солтүстік  Африка және Жерорта теңізіндегі теңгерімдерді өзгерткені айтылды. Мақалада Түркияның Ливияның қауіпсіздік сәулетінің бір бөлшегі екені, аймақта шетелдік күштерге қарсы теңгерімді қорғайтын рол атқарғаны атап көрсетілді.

Йени Шафак газеті «Түріктің жаңа вакцинасы» деген хабар жариялаған.  Түркияда коронавирусқа қарсы 'adenovirüs' әдісімен жетілдірілген алғашқы вакцинаның барлық штамдарға қарсы қорғауды қамтамасыз етуі мақсат етілді.  Бірінші саты зерттеуі басталған вакцинаны жетілдірген Анкара Рак зерттеу институты директоры Проф. Др. Хакан Акбулут «Біздің вакцинамыз елімізде қолданылған mRNA және инактивтендірілген вакциналардан өзгеше. Жанды вакцина.  Одан да жоғары иммундық қорғанысты қалыптастыру әлеуетіне ие» деді.

Хүрриет газеті «Анадолыдан әкетілген туындылар кері қайтарылып жатыр» деген хабар жариялаған.

2010 жылы Америка лауазым иелері тарапынан тәркіленген 21 дана Рим дәуірінен қалған қыш құмыра өткен аптада Түркияға жеткізілді. Анадолыдан шыққан 14 туынды да Манхаттен соты тарапынан Түркияға қайтарылуы үшін Нью-Йорктағы бас консулдыққа тапсырылды. Анкараға жеткізілетін  12 алтын ақша мен екі Килия басы Стамбул Археология мұражайына көрмеге қойылады. Алтын ақшалардың оны Ескендір дәуірінен, қалған екеуі Лидия дәуірінен қалған.



Ұқсас жаңалықтар