Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1769782
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі хаттамасында Ресей мен Украинаға үндеу тастады» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі хаттамасында Ресей мен Украина арасындағы дағдарыстың артуының ешқандай пайда әкелмейтіні баяндалып, тараптарға байсалды болу жайлы үндеу тасталды.

Стар газеті «Путин Ердағанның шақыруын қабылдады» атты хабар жариялаған. Ресей президенті Владимир Путин президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келеді. Ресей Президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков Владимир Путин президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияға шақыруын ризалықпен қабылдағанын айтты.

Хүрриет газеті «Чавушоғлу: Ресей мен Украинаға үндеу тастады» атты хабарға орын берген. Ресей мен Украина арасындағы дағдарыс жайлы мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Дағдарыстың қақтығысқа айналмауы керек» деген жолдама жасады. Чавушоғлу «Тілегіміз Ресей мен Украина арасындаңы диалогтың жалғасуы» деді.

Сабах газеті «Ауғанстанға көмек тасыған пойыз Анкарадан жолға шықты» деген хабар жариялады.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасы бойынша Ауғанстанға көмек тасыған пойыздың алғашқысы Анкарадан жолға шықты. Апат және төтенше жағдай басқармасының үйлестіруімен он бір көмек ұйымы Ауғанстан халқы үшін материал жинады. Осы көмек материалдарын тасыған пойызды Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу мен Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш шығарып салды. Пойыз мөлшермен 750 тонналық материал тасымалдауда.

Йени Шафак газеті «Түркияның үш үлкен бұрғылау кемесі Қаратеңіз газы үшін бірдей уақытта жұмыс істейді» атты хабарға орын берген. Түркия Батыс Қаратеңіздегі Сакария Газ алаңында 540 миллиард текшеметр табиғи газ тапқан болатын.  Осы газдың 2023 жылы құбыр желісіне ағызылуы күтілуде.  Енді Түркияның  үш үлкен бұрғылау кемесі Қаратеңіз газы үшін бірдей уақытта жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар