Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1766289
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ортақ баспасөз жиналысында Ердоған маңызды мәлімдеме жасады» атты хабарға орын берді. Президент Режеп Тайып Ердоған астана Анкараға сапармен келген Сальвадор президенті Наиб Букелемен ортақ баспасөз жиналысын өткізді. Ортақ баспасөз жиналысында Ердоған Ресей-Украина дағдарысына тоқталып, «Қысқа уақытта Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің басын қосып,  бетпе-бет кездестіруді үміт етемін» деді.

Хабер Түрік газеті «Чавушоғлу ОКПӘ-не наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу PYD-ге кеңсе ашуға рұқсат берген Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігіне наразылық көрсетті. Чавушоғлу Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің (ОКПӘ) террор ұйымы PKK-ның Сириядағы саяси қолы PYD-ге кеңсе ашуға рұқсат беруімен байланысты «Түркия немесе Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) шабуыл жасалған жағдайда осыған қатаң жауап қайтарамыз. Отпен ойнамасын!» деді.

Хүрриет газеті «Министр Кожа әлемде бірінші болатынын жариялады» деген хабарға орын берген. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше министрлер кабинетінің отырысынан кейін журналистерге жаңа зерттеу туралы мәлімет берді. Министр Кожа мәлімдемесінде «Біз екі BioNTech вакцинасынан кейін салынған бір дозалық TURKOVAC зерттеуін бастаймыз. Осылайша пациенттегі антиденелердің өзгеруі байқалады. mRNA вакцинасына қосымша инактив вакцина зерттеуі әлемде бірінші болмақ» деді.

Стар «Түрік ғалымдары Антарктикаға 6-шы рет барды» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «Өздеріңіз білгендей 2017 жылынан бері Антарктикаға түрік ғалымдар тобы бес рет барды. Алла бұйырса екі күннен кейін 20 кісілік топ 6-шы рет барады» деді.

Ватан газеті «Ұлыбританияда Османлының бес падишасының портреттері 1 миллион 346 мың стерлинге сатылды» атты хабарға орын берген. Шотландияда неше ұрпақтан бері бір отбасының қолында болған үйдің төбесінде табылған Османлының бес падишасының портреттері 1 миллион 346 мың стерлинге сатылды.

 



Ұқсас жаңалықтар