Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1765615
Түрік баспасөзіне шолу

 

Ватан газеті «Ердоған: Turkovac арқасында өзімізге сеніммен қараймыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. Ол дүние жүзінде коронавирус індетінің жаңа толқыны жүріп жатқанын айтып, «Медицина жүйеміздің аурухана және жан сақтау бөлімшелері тұрғысынан вакцинаға дейін індетпен күресте қажетті барлық мұқтаждықты қамдайтын әлеуеті бар. Turkovac вакцинамыздың арқасында енді өзімізге сеніммен қараймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған Украинаға барады» деген хабар жариялаған.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіспеушілікті азайту үшін рол ойнауға дайын.  Бұны әрі Ресейге, әрі Украинаға дос ел және сонымен бірге бір НАТО одақтасы ретінде жасаймыз. Алдымыздағы бірнеше аптада президент Ердоған президент Зеленскиймен кездесу үшін Украинаға барады» деді.

Хүрриет газеті «Шентоптың сөздеріне орын берген.  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Жерорта теңізінің шығысындағы құбыр желісі EastMed жобасы жөнінде «Біз басынан бері осы жобаның коммерциялық екеніне сенбедік.  Тек Түркияға жаугершілік тұрғысынан қозғалып,  саяси мақсаттармен бір жоба жүзеге аспайтынын басынан бері айтып келдік» деді.

 Стар газеті «Нидерландыдан Түркияға мақтау» деген тақырып қолданған.  Түркияның қарулы ұшқышсыз әуе көліктеріне байланысты Нидерландының NRC газетінде бір мақала жарияланды.  Анализде Bayraktar TB2 әуе көліктері үшін «Әлемдегі үздік» деген сипаттама берілді. Мақалада нидерландылық қорғаныс маманы Стиин Митзердің «Bayraktar TB2 оперативтік тұрғысынан әлемнің үздігі» деген сөздеріне орын берілді.

Сабах газеті футбол хабарына орын берген. 

Football Wonderkids тізіміне қарағанда Еуропа лигаларында гол салуға ең көп көмектескен футболшылар анықталды.  Түркиядан да Юнус Акгүн тізімге енді және көптеген жас жұлдызды артта тастады.



Ұқсас жаңалықтар