Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1762710
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Еуропа Одағы біз үшін өте маңызды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа Одағы мүше елдерінің Түркиядағы төтенше және өкілетті елшілерімен жиналыс өткізді. Президент Ердоған жиналыста «Еуропа Одағы Түркия үшін өте маңызды. Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарының қарқынды дамуын тілейміз. Еуропа құрлығының бір бөлшегі болған Түркия Еуропа Одағына толық мүшелікті көздеуде» деді.

Хабер Түрк газеті «Түркияның алғаш шағын жер серігі "Гризу-263А" кеше ғарышқа ұшырылды» атты хабар жариялаған. Түркияның алғашқы шағын жер серігі кеше SpaceX тарапынан ғарышқа ұшырылды.

Сабах газеті «Президенттік Коммуникация басқармасынан Сәлем Түркия науқаны» деген хабарға орын берген. Президенттік Коммуникация басқармасы тарапынан басталған "Сәлем Түркия" науқаны жаһандық хабардарлықты арттыратын маңызды шара болып табылады.

Стар газеті «Неміс медиасы: Түріктер болашақты ойлауда» атты хабарға орын берген. Неміс медиасы «Focus» Түрік автомобиль бастамашыл тобын (TOGG) мақтады. Мақалада TOGG-ның жаңа дәуірдің символы екені түсіндірілді және президент Режеп Тайып Ердоғанның отандық автомобиль индустриясына қатты көңіл бөлгені жазылды.

Йени Шафак газеті «Әлемнің ең күшті қарулы ұшқышсыз әуе аппараты- Байрактар Акынджы» атты хабар жариялаған. Байкар фирмасы тарапынан өндірілген жергілікті және отандық  Байрактар Акынджы Тина(Қарулы ұшқышсыз әуе аппараты) түрік авиация тарихының биіктікке ұшу рекордын жаңалады.

 



Ұқсас жаңалықтар