Түрік баспасөзіне шолу

Түркияда шығатын газеттердің басты тақырыптарына тоқталамыз.

1761415
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрк газеті «Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанның қасындамыз» деген хабарға орын берген. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанның тұрақтылыққа, тыныштыққа және бейбітшілікке оралуын тілейтінін білдіріп: «Түркия әрқашан Қазақстанның қасында болады. Әртүрлі жәрдем беруге дайынбыз» деп көрсетті.

Хүрриет газеті «Министр Акар: 22 террорист залалсыздандырылды. Террормен күрес табанды түрде жалғасады» атты хабар жариялаған. Ұлтық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Шанлыурфа Акчакале шекарасына террористердің кіруге тырысқанын және қақтығыста 3 әскердің шейіт болғанын айтты. Акар "Террорды түбегейлі жоюға табандымыз. 8 қаңтардан осы таңға дейін 22 террорист залалсыздандырылды"  деді. 

Сабах газеті «"Түрікали-1" ұңғыма сынағын табыспен аяқтады» атты хабарға орын берген. Түркия Мұнай Акционерлік қоғамы Сакария Газ алаңындағы "Түрікали-1" сынама ұңғымасында бірінші қабат деңгейінде орындалған ұңғыма ағынының (R2) сынағын табыспен аяқтады. Сынақ аясындағы зерттеуге қарағанда ұңғымадан күнде 2.7 миллион текше метр табиғи газ өндіруге болады.

Стар газеті «Ең көп экспорт Германияға жасалды» деген хабар жариялаған. Түркия өткен жылы ең көп сыртқы сауданы Германияға жасады. Түркияның 2021 жылы Германияға жасаған экспорты 22,9 пайыздық артумен 17 миллиард 705,4 миллион долларға ұласты.

Йени Шафак газеті «Түркия бес елге рейстерін қайтадан бастады» атты хабарға орын берген. Азаматтық Авиация басқармасы тарапынан тоқтатылған Оңтүстік Африка, Ботсвана, Мозамбик, Намибия және Зимбабвеге ұшақ рейстері кеше қайта бастады.

 



Ұқсас жаңалықтар