Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1760745
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрк газеті «Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Қазақстан жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Партияның орталық атқару кеңесі жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы оқиғаларға тоқталды. Өмер Челик «Қазақстандағы оқиғаларды қадағалап отырмыз. Қазақстанның тұрақтылыққа, тыныштыққа және бейбітшілікке оралуын тілейміз. Түркия әрқашан Қазақстанның қасында болады» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Түркия мен АҚШ арасында маңызды кездесу» деген хабар жариялаған. Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгімеде саяси және экономикалық ынтымақтастық пен қорғаныс ынтымақтастығын дамыту тақырыптары бағаланды.

Стар газеті «Грузия Түркиядан дәрі-дәрмек алады» атты хабарға орын берген. Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили  Түркиядан дәрілер алуға шешім жасағандарын түсіндірді. Дәрі-дәрмек секторында Грузиядағы бағаның өте қымбат екенін меңзеген  Гарибашвили қатысты министрліктің дәрі-дәрмек нарығын зерттеу рапортын дайындағанын және бұл туралы түбегейлі өзгерістердің болатынын айтты.

Йени Шафак газеті «Түрік Қарулы Күштері НАТО стандартында 30 минутта жылжымалы аурухана салады» деген хабар жариялаған. Түрік Қарулы Күштері Нигдеде НАТО стандартында 30 минутта жылжымалы аурухана салады.

Хүрриет газеті «Немістер Жерорта теңізін қатты ұнатты» атты хабарға орын берген. Немістер демалыс үшін Түркияны таңдады.Немістер демалу үшін 2021 жылы сәуір мен мамыр айларында Түркия жағалаулары резервацияларының 18 пайызын толтырды. Теңізі, күні, табиғаты, қызмет өтеу сапасы және сенімімен Түркия шетелдік туристердің басты талғамына айналды



Ұқсас жаңалықтар