Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1759835
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия Қазақстанға қолдау беруге дайын» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қазақстанның тез арада тұрақтылық, бейбітшілік пен тыныштықты орнатуына тілек білдірді. Түркия және Түрік Мемлекеттері Ұйымы ретінде Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Түрік дүниесінің проблемасы - біздің мәселеміз. Мұны бүкіл әлем Таулы Қарабах жеңісінен көрді» деді.

Сабах газеті «Turkovac-қа үлкен қызығушылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаңа типтегі коронавирусқа қарсы (ковид-19) қарсы жетілдірілген отандық вакцина Turkovac 30 желтоқсан күнінен бастап барлық қалалық ауруханаларда қолданыла бастады және азаматтар вакцинаға үлкен қызығушылық танытты.

Стар газеті «Өнеркәсіптік салада тарихи рекорд» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда түрік өнеркәсіп саласы өткен жылы 170 миллиард доллардан асатын сыртқы саудасымен экспортта тарихи шыңға жетті. Өнеркәсіптік топтағы 16 саланың барлығы өткен жылы экспортын арттырды. Осылайша өнеркәсіптік топтағы салалар 2021 жылы экспортта жарысты. Өткен жылы өнеркәсіптік экспорттағы салаларда ең жоғары сұраныс Германиядан келді.

Хүррийет газеті «Түркия сауықтыру туризмінде тартымдылық орталығы болып табылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2020 жылы 1 миллионға жуық эстетикалық процедура жасалды. Операциясыз түрде теріні терапиялық емдеу (ботокс), хирургиялық операцияларда болса мұрынға ота жасау бірінші орында. Түркия эстетикада шетелдік науқас саны ең көп екінші ел болды. Табысы жоғары шетелдіктер пластикалық ота жасау үшін Түркияны таңдауда.

Йени шафак газеті «Отандық автокөлік биыл жаппай өндіріске дайын болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобы "TOGG" нарыққа шыққанда, 200-ден 3400 ат күшімен 0-ден сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 4,8 секундта жетуді, 500 шақырым қашықтық ұсынады. TOGG-та ерекшеліктердің барлығы мобильділік экожүйесіне біріктіріледі. Автокөлік 2022 жылдың 4 тоқсанында жаппай өндіріске дайын болады. Жаппай өндіріс сертификаттау жұмыстары аяқталғаннан кейін 2023 жылдың 1 тоқсанында басталады.



Ұқсас жаңалықтар