Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1754614
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.

Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған Эрзурум-Артвин жолы бойындағы Пиринкаялар туннелінің беташарында сөз сөйледі. Ол туннельмен бірге Кавказға бағытталған жол қатынасының жеңілдейтінін, туннельдің халықаралық байланыстың бір бөлшегі болатынын айтты.

Йени Шафак газеті «Испания медиасы: Түркия 2030 жылы ең бай бес елдің бірі болады» деген хабар жариялаған.  Испанияның экономика журналы Muy&Negocias Economia Түркияны болашақта ең дамыған экономикаға ие болатын елдер қатарында көрсетті. Мақалада «2030 жылы әлемнің ең бай елдері арасында осылар болады» деген тақырыппен Түркияның артып отырған екі триллион евролық жалпы ішкі өнімімен бірге әлемнің бесінші экономикасы болатынына орын берілді.

Стар газеті «Бауырлас елден Turkovac-қа рұқсат» атты хабарға орын берген. Коронавирусқа қарсы Түркияда жетілдірілген отандық Turkovac вакцинасының үшінші саты жұмыстарының орындалуына Әзербайжанда рұқсат берілді.

Сабах газеті Туризм министрінің сөздеріне орын берген. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой «Пандемияға қарамастан 2021 жылы Түркия шетелден келген турист санында 29 миллионнан,  туризм табыстарында 24 миллиард доллардан асты» деді.

Ватан газеті «150 елдің дастарханында» деген хабар жариялаған.  Анадолы жерінде өскен жеміс пен көкөністердің, дәмдеуіш, зәйтүн, зәйтүн майы, кептірілген жемістер, дақылдар және майлы тұқымдармен жасалған тағамдар 150 елдің дастарханында. Осы экспорт Түркияға 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында 207 миллион доллар табыс әкелді.



Ұқсас жаңалықтар