Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1753993
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Әлем қорғаныс өнеркәсібінде қол жеткізген жетістіктеріміз әлемнің тілінде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған елдердің күш-қуатының қазіргі уақытта жоғары технологиядағы ықпалдығымен өлшенетініне назар аударып, «Әлем қорғаныс өнеркәсібінде қол жеткізген жетістіктеріміз әлемнің тілінде» деді. Ердоған Түркияның аймақтың болашағын қалыптастыратын көшбасшы елдердің бірі екендігі туралы талдауларының уақыт өткен сайын барша тарапынан қабылданғанын білдірді.

Хүррийет газеті «TURKOVAC вакцинасы азаматтардың қабылдауына ұсынылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Төтенше пайдалануға рұқсат етілген және жаппай өндірісі басталған коронавирусқа қарсы отандық TURKOVAC вакцинасын қалаған азаматтар салғызады. TURKOVAC вакцинасы азаматтар үшін Sinovac пен Biontech вакциналарынан кейін жаңа балама ретінде ұсынылмақ. Отандық вакцинаның осы апта қолданысқа енуі күтілуде. TURKOVAC-ты жетілдірген профессор Айкут Өздарендели «Барлық еріктілерде 100% антидене реакциясы өте маңызды нәтиже болып табылады» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия бор кені экспортында рекорд жаңартты» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез бор кені сатылымының 1 миллиард доллардан асып, рекорд жаңартқанын мәлімдеді. Дөнмез «Әлем біз көшбасшылық жасаған бор кенінде аккумулятор технологиясында қолданылатын литий өндірісі де басталды. Біз энергетикалық технологияларда, әсіресе бор технологияларында әлемдік брендке айналатын жұмыстарды ұсынғымыз келеді» деді.

Стар газеті «Түркиядан дос елге көмек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия тарапынан Албанияның Лач қаласында жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін салынған үйлер отбасыларға табыс етілді. Президент Ердоған 2019 жылы 26 қараша күні Албанияда болған жер сілкінісінен кейін зілзаладан зардап шеккендерге 500 үй салу туралы тапсырма берген болатын.

Сабах газеті «Әлем жұлдыздарының Стамбул махаббаты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италия лигасының командаларының бірі «Интердің» жұлдыз футболшысы Эдин Джеко жұбайы Амра Силайчич және балаларымен өткен күні Стамбулға келді. Футболшы Аясофия, Гүлхане және Капалычаршы (Жабық базар) аралап, шамамен 15 мың еуролық сауда жасады. Бейонсемен бірге жүргізген жұмыстарымен назар аударған француз әншісі Вилли Уильям да Стамбулда болды. Уильям Түркияда алдында да бірнеше рет болғанын және бұл елді қатты жақсы көретінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар