Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1753647
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Министр Чавушоғлу хабарлады.  Армениямен алғашқы жиналыс Мәскеуде болады» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Армения мен Түркияның арнайы өкілдері арасында өткізілуі көзделген жиналысқа байланысты «Екі тарап та арнайы өкілдерін тағайындады.  Біздің байқағанымыз алғашқы жиналыс Арменияның қалағанындай Мәскеуде болады» деді.

Йени Шафак газеті «Turkovac-қа шетелден сұраныс» деген хабарға орын берген.  Түркия Медицина институттары төрағасы Проф. Ерхан Акдоған жедел қолдану рұқсатын алған түріктің отандық вакцинасы үшін шетелден сұраныс түсіп жатқанын, сол үшін қажетті жоспар жасалғанын айтты.

Хабер Түрік газеті «Министр Варанк: X-Ray жиһаздары АСЕЛСАН тарапынан өндіріледі» деген хабар жариялаған.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк миллиондаған доллар ақшаға түсетін x-ray жиһаздарының енді отандық мүмкіндіктермен АСЕЛСАН тарапынан өндірілетінін білдірді.

Сабах газеті Стамбул әуежайы туралы хабарға орын берген. Стамбулдағы барлық әуежайлардан биыл 11 айда тасымалданған жүк көлемі 30 пайыз, коммерциялық рейс саны да 45 пайыз артты.

Стар газеті «Ұлттық жүзуші Эмре Сакчы әлемдік рекорд жаңартты» деген хабар жариялаған.  Ұлттық спортшы Эмре Сакчы Газиантеп қаласында өткен Түркия Шехиткемал Арена клубтар арасындағы жастар чемпионатында әлемдік рекорд жаңартты.



Ұқсас жаңалықтар