Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1753072
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоғаннан пайыз мәлімдемесі» атты хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының Стамбулдағы қалалық жиналысына қатысты. Сондағы баяндамасында ол «Пайыз байды одан сайын бай, кедейді одан сайын кедей қыла түседі.  Пайыз себеп, инфляция нәтиже.  Осыны бұзып, ұлттық мақсаттарға жетеміз» деді.

Стар газеті «Қорғаныс өнеркәсібі тағы бір табысқа қол жеткізді» деген хабарға орын берген.  Президенттік аппараттың жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Исмаил Демир қорғаныс өнеркәсібінің тағы бір табысқа қол жеткізгенін атап көрсетті.  Ол ұлттық әуе зымыран жүйесі HİSAR O-ның өте жоғары биіктіктегі жоғары жылдамдықтағы нысанды атып түсіргенін хабарлады.

Йени Шафак газеті «Логистиканың жұлдызы – Түркия» деген хабар жариялаған. Қатынаста түйінде тұрған Түркия індетке қарамастан транспортта дамыды.  Әуе жолында 11 айда тасымалданған жүк мөлшері 3 миллион тоннадан асты.  Порттарда Handling жасалған контейнерлердің 9,9 пайызы түрік байрақты кемелермен тасымалданды.

Хабер Түрік газеті «Анталия 9 миллион турист нысанасынан асып түсті» деген хабарға орын берген.  Туризм қаласы Анталияда 2021 жыл үшін белгіленген 9 миллион турист нысанасы жыл аяқталмастан толды.  2021 жылды індеттің көлеңкесінде бастаған Анталия шілде айында басталған қозғалыспен жыл аяқталмастан 9 миллион 2 мың 217 турист санына жетті.

Сабах газеті «2200 жыл бұрын түріктер жасады» деген хабар жариялаған.  2200 жыл бұрын түріктер тарапынан жасалған су каналдары қазір инженерлік кереметі деп аталып отыр.  Карыз каналы деп аталған осы жер асты су желісі Орталық Азияда Турфан аймағында жүзеге асырылды. Ұйғыр тарихының ең маңызды жаңалықтарының бірі ретінде көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар