Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1750939
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған: 2053 бағытының басты тақырыбы білім беру мен мәдениет болады» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше 2021 жылғы Президенттік Мәдениет және өнер сыйлықтарын лауреаттарға табыс етті. Ердоған сыйлықтарды табыс ету рәсімінде «2053 бағытының басты тақырыбы білім беру мен мәдениет болады» деген сөздер қолданды.

Хабер Түрк газеті «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Шентоп Солтүстік Македонияға  FETÖ жайлы ескерту жасады» деген хабар жариялаған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Солтүстік Македония Мәжілісіндегі баяндамасында Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) жөнінде ескерту жасап, «FETÖ тек Түркия үшін ғана емес, барша әлемге қауіп төндіруде» деді.

Ватан газеті «Министр Акар Босния және Герцеговина Бас штаб төрағасын қабылдады» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Босния және Герцеговина Бас штаб төрағасы генерал-полковник Сенад Машовичпен кездесті. Министр Акар кездесуде екі ел арасындағы әскери жаттығу және ынтымақтастықтың арттырылуы керектігін білдірді.

Стар газеті «Нигер премьер-министрі Махамаду: террормен күресте Түркияның тәжірибелеріне мұқтажбыз» атты хабар жариялаған. Нигер премьер-министрі Оухоумуду Махамаду мемлекетінің террормен күресте Түркияның тәжірибелеріне және жабдық жағынан қолдауға мұқтаж екенін айтты. Оухоумуду Махамаду "3-ші Түркия-Африка ортақтық саммитінде" Стамбұлда баспасөзге мәлімдеме жасады. Оухоумуду Махамаду Түркияның террормен күрес тақырыбындағы тәжірибелерінің өте маңызды екеніне назар аударып "Террормен күресте Түркияның тәжірибелеріне мұқтажбыз" деді. 

Сабах газеті «TOGG АҚШ-қа барады» деген хабарға орын берген. Түрік автомобиль бастамашыл тобы (TOGG) әлем сахнасына алғашқы қадамын Америка Құрама Штаттарында басады. TOGG  Лас-Вегас қаласында 5-8 қаңтар күндері аралығында ұйымдастырылатын әлемдегі ең ірі Тұтынушы электроника жәрмеңкесі CES 2022-да орын алады.



Ұқсас жаңалықтар