Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1749950
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрк газеті «Ердоған: барлық көрсеткіштер жаһандық деңгейдегі табыстарымызды дәлелдеуде» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаһандық дағдарысқа қарсы өзіне деген сеніммен күшті инфрақұрылымға ие болғанын білдірді. Президент Ердоған «Экономика, өндіріс, жұмыспен қамдау, экспорт, бюджет тепе-теңдігі сынды көрсеткіштер еліміздің жаһандық деңгейдегі табыстарын дәлелдеуде» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті «Түркияның 8-ші жер серігі ғарышқа жіберілді» атты хабар жарияланған. TÜRKSAT Америка Құрама Штаттарының Флорида штатындағы Кейп-Канаверал базасынан ғарышқа жіберілді. Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмайлоғлу Türksat 5B жер серігінің 19 желтоқсан жексенбі күні сағат 06:58-де Space X Falcon 9 зымыранымен ұшырылғанын хабарлады. Түркияда өндірілген екі байланыс жабдығының Türksat 5B спутнигінде қолданылғанын атап көрсеткен Караисмайлоғлу «Осылайша, алғаш рет коммерциялық байланыс спутнигінде жергілікті түрде жобаланған және өндірілген жабдық Türksat 5B арқылы ғарышқа жіберілді».

Стар газеті «Түркияның тәжірибесі басқа елдерге  үлгі болды» атты хабарға орын берген. Түркияның ұлттық және отандық қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары Bayraktar TB2 (Байрактар ТБ2) жайлы мәлімдеме жасаған АҚШ Қорғаныс министрлігінің ақылшысы Скотт Крино «Сирия, Ливия және Таулы Қарабахтағы табыстарының артқы жағында Түркияның мықты мамандары бар. Түркияның тәжірибесі басқа елдерге үлгі болды» деді.

Сабах газеті «TURKOVAC толық ұпай алды» деген хабар жариялаған. Түркия вакциналар институты төрағасы және Коронавирус ғылым кеңесі мүшесі професор Атеш Кара отандық  коронавирус (Ковид-19) вакцинасының клиникалық жұмыстарында алғашқы көрсеткіштердің болымды екенін білдірді.

Хүрриет газеті «Vakıfbank (Вакыфбанк) 4-ші рет әлем чемпионы болды» атты хабарға орын берген. Вакыфбанк FIVB Әйелдер арасындағы волейболдан әлем чемпионаты финалында Италия командасы Имоко Конеглианоны 3-2 есебімен жеңіп, 4-ші рет әлем чемпионы болды.



Ұқсас жаңалықтар