Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1748754
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоған Илон Маскпен бейнеконференция арқылы кездесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маскпен бейнеконференция арқылы кездесті. Ердоғанның Маскпен кездесуінде электр жүйелі көліктер, цифрлық экономика, ұзақ мерзімді инвестициялар және бар ынтымақтастықты жақсарту қадамдары талқыланды.

Ватан газеті «Түркия Африкадағы күшін арттыруда» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда француз экономика журналы Capital Түркия өндірген қарулы пилотсыз әуе көліктерінің Африка елдерінде жоғары сұранысқа ие екенін жазды. Аталмыш хабарда Түркияның президент Режеп Тайып Ердоғанмен Африкадағы ықпалын арттырғаны, Африка елдерінде түрік қарулы пилотсыз әуе көліктеріне деген сұраныстың артқаны атап көрсетілді.

Стар газеті «Әзербайжан мен Армения теміржол желілері тақырыбында келісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Николь Пашинянның кездесуінде келісілген теміржол желісі Әзербайжаннан басталып, Армения арқылы өтіп, Нахчыванға дейін көптеген жаңа қадамдарды әкеледі. Теміржол арқылы Ресей, Әзербайжан, Түркия және Армения арасындағы аймақтық тауар айналымы артады. Бұл желінің стратегиялық маңызы бар Зенгезур дәлізінде орналасуы үлкен экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

Хүррийет газеті «Түрік компаниясынан Бакуге үлкен инвестиция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Демирөрен Холдинг» Әзербайжанда фармацевтикалық зауыт құрмақ. Стратегиялық инвестиция 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласындағы фармацевтикалық нарыққа маңызды есік ашатын бұл инвестиция Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) ауқымын кеңейту үшін мүмкіндік береді.

Йени шафак газеті «Түркияның экспорттық нысанасы 2025 жылы 300 миллиард доллар» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Экспортшылар Мәжілісі төрағасы Исмаил Гүлле бір жыл бұрын 2026 жылға 300 миллиард доллар экспорттау мақсатын қойғандарын мәлімдеді. Гүлле жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетімен жаһандық жеткізу тізбегінде жаңа дәуір басталғанын және түрік экспорт саласының бұл тұғырды өз пайдасына айналдырғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар