Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1743406
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Түрік әйелі көптеген құқықтарға Еуропадан бұрын қол жеткізді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған әйелдерге сайлау және сайлану құқығы берілуінің 87 жылдығына орай бейне үндеу жариялады. Ердоған үндеуінде түрік әйелінің көптеген құқықтарға Еуропадан бұрын қол жеткізгенін атап көрсетті. 

Стар газеті «БҰҰ-ның ‘Стамбул’ шешімі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Женевадағы маңызды жаһандық операциялық бөлімшесін Стамбулға көшіру туралы шешім қабылдады. Алдымен «Гуманитарлық үйлестіру кеңсесі» (OCHA) Түркияға көшеді. OCHA-мен бірге БҰҰ-ның тағы 8 маңызды агенттігінің Стамбулда кеңсесін ашу процесі жалғасуда. Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран «OCHA-ның келуі Стамбулды БҰҰ штаб-пәтеріне айналдыру мақсатымыз тұрғысынан маңызды қадам болады» деді. 

Хабер түрік газеті «25 жылдық үзілістен кейін Ливиядан алғашқы жолаушы кемесі Измирге келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 25 жылдық үзілістің артынан Түркия мен Ливия арасында басталған жолаушы тасымалдаудың алғашқы кемесі Измирге жетіп, Алсанджак портына аялдады. Аптасына бір рет жүзеге асатын кеме сапарларының алғашқысында Измирге 112 жолаушы келді. 

Йени шафак газеті «COP 22 конференциясы Анталияда өтеді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Барселона конвенциясының 22-ші Қатысушылардың конференциясы (COP 22) 7-10 желтоқсан күндері арасында Анталияда өтеді. Кездесуде Жерорта теңізінің ластануы, биоәртүрліліктің жойылуы, бөтен түрлердің болмысы және климаттың өзгеруі талқыланады. COP 22-ден кейін Түркия «Барселона конвенциясының секретариатының бюро басшылық» міндетін Италиядан қабылдап алады. 

Сабах газеті «JATA Еуропа құрлығының ең сұлу қалаларын таңдады. Тізімде Түркия да бар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жапония туристік агенттіктері қауымдастығы «JATA» Еуропадағы ең сұлу 30 қаласын таңдады. Бұл тізімге Түркиядан Бурсаның Гөлязы ауданы да енді. 



Ұқсас жаңалықтар