Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1742507
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Жоғарғы Ақылдастар Кеңесі жиналысы өткізілді» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығында ұйымдастырылған Жоғарғы Ақылдастар Кеңесі жиналысында Түркияның Париж Климат келісімін Мәжілісте мақұлдау арқылы процеске қатысқаннан кейінгі жағдайлар қолға алынды.

Сабах газеті «Ердоған Машина және химия өнеркәсібі теңіз зеңбірек құрлық оқ ату бағдарламасына видео жолдама жіберді» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше бас қала Анкарада ұйымдастырылған Машина және химия өнеркәсібі теңіз зеңбірек құрлық оқ ату бағдарламасына жіберген видео жолдамасында «Түркия дамытқан отандық теңіз зеңбіректерімен осы қару жүйесін өндіретін аз елдер қатарында орын алды» деген сөздер қолданды. 

Ватан газеті «Сыртқы істер министрі Чавушоғлу: Қырымға бағытталған заңсыз әрекеттерді қабылдамаймыз» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швецияда ұйымдастырылған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 28-ші Сыртқы істер министрлері Кеңесі жиналысында сөз сөйледі. Министр Чавушоғлу «Оңтүстік Кавказда түбегейлі бейбітшілік үшін бір орай туылды. Қырым Татарларына бағытталған адам құқықтар бітімін бұзған әрекеттерден алаңдаудамыз» деді.

Хабер Түрк газеті «Қараша айында экспорт рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Сауда министрі Мехмет Муш кеше жасаған мәлімдемесінде «Экспортымыз қараша айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 33,4 пайыздық артумен 21,5 миллиард долларға ұласты» деді.

Стар газеті «25 жылдан кейін қайтадан басталды» деген хабарға орын берген. Түркия мен Ливия арасында жолаушы кеме сапарлары 25 жылдан кейін қайтадан басталды.



Ұқсас жаңалықтар