Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1741275
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоғаннан Макрон мәлімдемесі» деген хабар жариялаған.  TRT тікелей эфирінде күн тәртібіндегі оқиғаларға баға берген президент Режеп Тайып Ердоған ДАИШ террорлық ұйымын қаржыландырғаны дәлелденген француз Lafarge компаниясы туралы айтты. Ол осы жағдайды Франция президенті Эммануэль Макронға айтқанын білдіріп, «Lafarge компаниясы қолдау берген террорлық ұйым лаңкестіктер жасады.  Осылардан хабары жоқ секілді қимылдайды. Жауапкершіліктен қашуға тырысады. Бұлар екі жүзді» деді.

Хүрриет газеті «Ердоған Әлиевке көңіл айтты» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке телефон шалып, Әзербайжанда әскери тікұшақтың құлауы нәтижесінде шейіт болған әскерлер үшін көңіл айтты.

Ватан газеті «Шентоп: Палестина мемлекетін әрқашан қолдаймыз» деген хабар жариялаған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп «Палестина күресінде біздің ұстаным айқын.  Біз еркін және тәуелсіз, бас қаласы Шығыс Иерусалим болатын Палестина мемлекетін әрқашан қолдаймыз» деді.

Сабах газеті «Түркия экономикасы G20-ға таңбасын басты» деген хабарға орын берген. Түркия экономикасы 2021 жылдың үшінші тоқсанында 7,4 пайыз өсті.  Түркия үшінші тоқсан өсім көрсеткіштерімен G20-да көш бастап тұр. OECD елдері арасында болса Түркия экономикасы екінші кезекте.

Стар газеті министр Варанктың сөздеріне орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түрік Антарктика ғылыми базасының құрылуына байланысты жұмыстың жалғасып жатқанын айтып, базаның жобасын жасап аяқтағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар