Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1739217
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркия экономикалық салаға шоғырланды» деген хабарға орын берген. Кеше Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысы өтті. Жиналыста Түркияның мықты инфрақұрылымда нысаналарына сай инвестиция, өндіріс, жұмыспен қамдау және экспортқа негізделген саясаттарын жүзеге асыру барысында тап болған қиыншылықтар, кездескен сынақтар мен қауіптер талқыланды. Жиналыста Түркия Республикасының 100 жылдығы болған 2023 жылы әр салада болғандай экономикада да көздеген мақсатына жетуге табанды екені қайталанды.

Хүрриет газеті «Turkovac осы жылдың аяғына дейін жаппай қолданылаы» атты хабар жариялаған. Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа отандық инактив ковид вакцинасы Turkovac үшін жедел қолдану лицензиясын сұрағандарын білдірді. Министр Кожа «Отандық коронавирус вакцинасы Turkovac бүгіннен бастап Жедел қолдану лицензиясы үшін өтінішін берді. Жыл аяқталмастан жаппай қолдануға ашық болады деп сенемін. Жасушадан вакцинаға дейін барлық сатысы елімізде өз ғалымдарымыз тарапынан жасалған отандық вакцинаның елімізге, ұлтымызға және бүкіл әлемге қайырлы болуын тілеймін» деді.

Ватан газеті «Түрік Банк секторы өте күшті» деген хабар жариялаған. Түркия Орталық Банк Бас директоры Шахап Кавжыоғлу банк секторының қазір Түркияның ең мықты секторының бірі екенін айтты. Кавжыоғлу Түрік банк секторының өз мүмкіндіктерімен, капиталдық жүйесімен, киленттерімен әлемнің де ең үздік секторының бірі болғанын білдірді.

Стар газеті «Украина Түркиямен ынтымақтастық жасауда» деген хабарға орын берген. Украинаның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Василий Боднар Түркия мен Украина арасындағы ынтымақтастықты түсіндірді. Елші Боднар «Украина мен Түркияның ынтымақтастығы тек екі елдің арасында ғана емес, Қаратеңізге ықпал жасайтын Кавказ, Жерорта теңізінің шығысы және Балкан аймақтарымен де ынтымақтастық жасау керек» деді.  

Йение Шафак газеті «Еуропада Галатасарай футбол командасы жеңістен жеңіске жетуде» атты хабар жариялаған. Галатасарай УЕФА Еуропа Лигасы E тобының 5-ші матчында Франция өкілі Марсилияны 4-2 есебімен жеңіп, 11 ұпаймен топтағы лидерлігін жалғастырды.

 



Ұқсас жаңалықтар