Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1738066
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған: Сайлаудың күні 2023 жылдың маусым айында» деген хабар жариялаған. Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының кеңейтілген жиналысында сөйлеген сөзінде мерзімінен бұрын сайлау таластарына жауап берді. «Әлі күнге мерзімнен бұрын сайлау деп айтып отырғандар бар.  Мерзімінен бұрын сайлау болмайды. 2023 жылдың маусымында болады» деді ол.

Сабах газеті Қаратеңіз газына байланысты хабарға орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Қаратеңіздегі табиғи газ алаңында судың астына құбыр төсеу жұмысын 2022 жылдың көктемінде бастайтындарын айтты.

Стар газеті Дубайдегі экспо көрмесіне байланысты хабарға орын берген.  ТР Сауда министрі Мехмет Муш Түркияның Дубайдегі Экспо-2020 көрмесіне қатысқанын білдірген. Ол көрмеге қатысудың Біріккен Араб Әмірліктерімен қатынасқа деген көңілді көрсететінін айтты.

Ватан газеті Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың байланыстарына орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сомали Бас штаб төрағасы Генерал Одава Юсуф Рагені қабылдады.  Министрліктің хабарламасында қабылдауда Акар тарапынан Түркия мен дос Сомали елі арасында саяси және әскери ынтымақтастықтың жетіліп келе жатқаны айтылғаны білдірілді. «Түркия Сомали халқының бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік ішінде өмір сүруі үшін барлық қолдауды береді» деп айтылды.

Йени Шафак газеті туризм хабарына орын берген.  Түркияға жылдың алғашқы он айында келген турист саны былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 88 пайыз артты.  Түркияға 10 айда 21,1 миллион турист келді.

 



Ұқсас жаңалықтар