Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1735998
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Болгарияның Түркиядағы елшісі  Сыртқы істер министрлігіне шақырылды» атты хабарға орын берген. Болгарияның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ангел Христов Чолаков Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Чолаковқа Түркияның Болгария сайлаулар аясында Түркияда дауыс берілуі тақырыбында әртүрлі ынтымақтастықтың жасалғаны және жеңілдіктер көрсетілгені, сондай-ақ сайлаушылардың Түркияның ресми органдары тарапынан басқарылғаны және ішкі істерге араласқаны жайлы пайымдауларды қабылдамағаны жеткізілді.

Хүрриет газеті «Қорғаныс өнеркәсібінде толыққанды тәуелсіздік» деген хабар жариялаған. Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демир «Бүгін Түркия қорғаныс өнеркәсібі саласында барлық санкцияларға қарамастан үлкен табыстарға қол жеткізді. Ұлттық мүдделерді қорғау аясында жұмыс істелді» деді.

Йени Шафак газеті «Әлемнің ең керемет бұрғылау кемесіне ‘Алпарслан’ деген ат беріледі» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған сүйіншілеген 4-ші бұрғылау кемесі 2022 жылының алғашқы тоқсанында инвентаризацияға кіреді. Соңғы технологиялық кемеге «Алпарслан» деген ат беріледі.

Стар газеті «Түркияға 100 миллион доллардан астам инвестиция» атты хабар жариялаған. Түркияда табиғи газ жұмыстарында осы таңға дейін 100 миллион доллардан астам инвестиция салған Канаданың энергетика фирмасы «Valeura» Түркиядағы инвестиция тақырыбында әрқашан ынталы екенін түсіндірді.

Сабах газеті «Түркия үшінші тоқсанда жалғасты өсуде» деген хабарға орын берген. Мамандар соңғы өнеркәсіп өндірістері аясында Түркияның экспортта рекорд жаңартқанын білдіріп, Түркияның 2021 жылының үшінші тоқсанында 7,84 пайыздық бір өсу перформанс көрсеткенін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар