Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1728604
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Калын: Түркия енді күшін біледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын кеше Стамбулда жасаған мәлімдемесінде «Түркия енді күшін біледі. Соңғы 15-20 жылда ‘Сен мұны істей алмайсың, біз жасамаймыз!’ дегендердің бәрін бірінен соң бір жасап шықтық» деді.

Хүррийет газеті «Министр Сойлу Грекияның Грекия Миграция және баспана министрі Митаракиспен бас қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше Түркияға іс-сапармен келген Грекия Көші-қон және баспана министрі Нотис Митаракиспен кездесті. Бас қала Анкарада баспасөзге жабық өткен жиында көші-қон, терроризммен күрес және қауіпсіздік мәселелері талқыланды. 

Сабах газеті «Билл Гейтс пен Джефф Безос Бодрумнан кете алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Microsoft технологиялық компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің «Лана» және америкалық электронды сауда-саттық алыбы Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың Flying Fox атты мега яхталары Бодрумға келді. 10 күн бойы миллион долларлық яхталарымен Измир, Айдын және Муғла жағалауларын шарлаған Билл Гейтс пен Джефф Безос Гейтстің туған күнін тойлау үшін Бодрумға келгендерін атап көрсетті. 

Хабер түрік газеті «Түркияның экспорты мен импорты арасындағы айырмашылық жылдам жабылуда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия биыл айлық және жылдық тұрғыдан экспортта рекордтар жаңартса, экспорттың импортпен салыстырғанда арасындағы айырмашылық 93,4 пайызбен республика тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті. 

Стар газеті «Виктория Зейнеп Гүнештің тарихи табысы! Алтын медаль жеңіп алды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда ұлттық жүзуші Виктория Зейнеп Гүнеш Қысқа қашықтыққа жүзуден Еуропа чемпионатында 400 метрлік жеке аралас категорияда өткен жарыста алтын медальға қол жеткізіп, Түркияға ересектер арасында тұңғыш Еуропа чемпионатын әкелді.



Ұқсас жаңалықтар