Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1726248
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның ФЕТӨ-мен күресу туралы хабарламасы: Чадтың қолдауын ұмыта алмаймыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше бас қала Анкарада Чад уақытша президенті Махамат Идрис Деби Итномен кездесуінің артынан ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. «Чадпен сауда қарым-қатынасымызды тереңдету мақсатымыз бар. Мақсатымыз сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізу» деді. Ердоған сонымен қатар «ФЕТӨ-мен күресте Чадтың қолдауын ұмыта алмаймыз» деді. 

Хүррийет газеті «Түркия мен АҚШ арасында маңызды кездесу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын кеше Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастар, F-35/F-16 мәселесі, жаһандық климаттың өзгеруі, Ауғанстан, Сирия, Ливия, Таулы Қарабах, Грекия, Жерорта теңізінің шығысы тақырыптарына қоса өңірлік оқиғалар талқыланды. 

Ватан газеті «Байрактар TB2’ пилотсыз әуе көлігімен байланысты жаңалық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Байкар» компаниясы «Байрактар TB2»-нің жаңа бір елге тағы экспорт жасалатынын жариялады. Компанияның ресми Твиттер аккаунтынан жасалған хабарламада экспорт жасалатын жаңа елдің атауы жарияланбағанымен «Тағы бір елмен ‘Байрактар TB2’ қарулы әуе көлігіне қатысты экспорттық келісімшартты жасадық» делінді. 

Йени шафак газеті «Стамбул әуежайы Еуропаның ең үздігі болып сайланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесі «ХӘК» (International Airports Council-ACI) ұйымдастырған 17-ші ACI Europe Awards аясында ‘Еуропаның үздік әуежайы’ және ‘Қолжетімді әуежай’ марапаттарына лайық деп танылды. 

Стар газеті «Еуропадан Түркияға сұраныс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биылғы жылдың 10 айлық мерзімінде Түркиядан 83 елге 125 миллион долларлық гүл экспортталды. Ең көп экспортталған елдер Голландия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан, Румыния және Болгария болды.



Ұқсас жаңалықтар