Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1725099
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Отаршылдардың мазасын алуды жалғастырамыз» тақырыпты жаңалыққа орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған 4 күндік Африка сапарымен байланысты бағалауында Африканың маңыздылығының 21-ғасырда арта түсетінін айтты. Африканың әр аймағында отаршылдардың ізінің көрінгенін, бірақ африкалықтардың Түркияға басқаша көзбен қарағандарын атап көрсеткен Ердоған «Африканы нарық емес, серіктес ретінде бағалайтын ұстаныммен ынтымақтастық көпірі салып жатырмыз. Отаршылардың мазасын алуды жалғастырамыз» деді. 

 Хабер түрік газеті «Түркияның ұстанымы елшілерге бас тартқызды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған 10 елшінің Осман Каваланың босатылуы жөнінде жасаған шақыруының артынан бұл елдердің елшілерін елдеріне қайтару үшін тапсырма бергенін мәлімдеді. АҚШ пен кейбір елдердің Түркиядағы өкілетті елшіліктері дипломаттарының қызмет еткен елдің заң мен тәртібін сақтап, «Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 41-бабына» бағынатынын жариялады. 

 Хүррийет газеті «Ердоған: Шетелдік дипломаттардың мұқият болатынына сенеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған 10 елшінің Осман Кавала бастамасынан бас тартуын бағалағанда «Мақсатымыз дағдарыс туғызу емес, Түркияның ар-намысын, абыройын қорғау. Елшіліктер жасаған мәлімдемемен қателіктер жойылды. Бұл елшілер енді мұқият болады деп сенеміз» деді. 

 Ватан газеті «Өмер Челик: Мемлекетіміздің егемендік құқығы тақырыбындағы сезімталдығымыз талқыланатын мәселе емес» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы баспасөз хатшысы Өмер Челик Осман Каваланың босатылуын талап еткен елшіліктердің бас тартуының артынан «Еліміздің ішкі істері мен егемендік құқығына араласу деген мағынаны білдіретін кез-келген мәлімдемені міндетті түрде қабылдамаймыз және жоққа шығарамыз» деді. 

Йени шафак газеті «Түрік пилотсыз әуе көліктері PKK басқыншылығындағы аймақтарда белсенділігін арттырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ пен Ресей эвакуациялауға уәде берген, дегенмен PKK бөлшектеуші террор ұйымының басқыншылығындағы Сирияның солтүстік аймақтардан жасалған шабуылдардың артынан президент Ердоғанның ауқымды операция белгісі беруімен әуе операциялары артты. 



Ұқсас жаңалықтар