Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1718859
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Президент Ердоған Үлкен жиырмалыққа мүше елдердің кезектен тыс көшбасшылар саммитінде баяндама жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ауғанстан тақырыпты Үлкен жиырмалыққа мүше елдердің кезектен тыс көшбасшылар саммитінде баяндама жасады. Президент Ердоған «Халықаралық қауымдастықтың ауған халқынан бас тартып, бұл елді өз тағдырына қалдыруға құқығы жоқ. Біз Ауғанстанда келіссөз дипломатиясын ашық тұтып, Талибанды одан ауқымды бір билік құруға бағыттауға тиістіміз» деді. 

Йени шафак газеті «Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Ауғанстанға қатысты мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Талибанның бақылауына өткен Ауғанстанның соңғы жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Елдегі оқиғаларды мұқият қадағалайтындарын білдірген Чавушоғлу «Кейбір елдердің сыртқы істер министрлерімен бірге Кабулға баруды жоспарлаудамыз» деді. 

Хүррийет газеті «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Шентоптың Испанияға әрі алғыс, әрі құттықтау хаты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Испания Өкілдер Мәжілісі төрағасы Мериткселл Батет және Испания Сенаты төрағасы Андер Гил Гарсияға бөлек хат жолдады. Шентоп өз хатында 2021 жылы 19-21 қыркүйек күндері Испанияға жасаған іс-сапары кезінде өзінің басшылығындағы ТҰҰМ делегациясына көрсетілген шынайы қонақжайлық үшін ризашылығын білдірді. 

 

Ватан газеті «Өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері жарияланды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі тамыз айына қатысты өнеркәсіптік өндіріс индексі көрсеткіштерін кеше жариялады. Осыған қарағанда өнеркәсіптік өндіріс индексі тамыз айында 5,4%-ға, жылдық тұрғыдан 13,8%-ға өсті. 

Стар газеті «ХВҚ Түркияның өсу болжамын жариялады» тақырыпты жаңалыққа орын берген. Хабарға қарағанда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2021 жылға арналған түрік экономикасының өсу болжамын 5,8%-дан 9%-ға өзгертіп, 2022 жылға арналған болжамды 3,3 пайыз деңгейінде тұрақтандырды.



Ұқсас жаңалықтар