Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1712627
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның «Сирияда бейбітшілік Түркия мен Ресейге байланысты» деген сөздеріне орын берген.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің оңаша кездесуінде маңызды тақырыптар қаралды.  Әсіресе Сириядағы оқиғалар қолға алынған кездесуден бұрын мәлімдеме жасаған президент Ердоған «Сирияға байланысты бірге басқан қадамдарымыз өте маңызды. Сириядағы бейбітшілік Түркия мен Ресейдің қатынастарына байланысты» деді.

Хабер Түрік газеті «Ердоған New York Times-қа Түркияның S-400 алуының себебін түсіндірді» деген тақырып қолданған.  Американың New York Times (NYT) газетіне сұхбат берген президент Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін алуының НАТО одақтастығына зиян бергені туралы сындарға қарсы шықты.  «Америкалықтар Түркияға Патриот зымыран қорғаныс кешенін сатқанда, S-400 жүйесін алмас едік» деді ол.

Ватан газеті «Түркия мен Украина арасында тарихи келісім» деген хабар жариялаған.  Украина Қорғаныс министрлігі мен Baykar компаниясы арасында ұшқышсыз әуе көлігін күтім және дайындық орталығын бірігіп салуға байланысты хаттамаға қол қойылды.  Келісімге сәйкес, Baykar компаниясы Украина армиясының Васильков аймағында ұшқышсыз әуе аппараттарын жөндеу, модернизация және дайындық орталығын салады. Украина Қарулы күштері Түркиядан 7 дана әуе аппаратын сатып алған еді.

Сабах газетінің тақырыбы: «Түркия жаңаланатын энергияда әлемде 12-ші орында, Еуропада 5-ші»

Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез  қазіргі жаңаланатын энергия күшімен әлемде 12-ші, Еуропада 5-ші орында екенін білдірді.  Дөнмез: «Күн энергиясы және жел энергиясында да көшбасшы ел болатынымызға сенеміз. Осы сеніміміздің ең маңызды көрсеткіші ретінде күн және жел энергиясы инвестицияларымызды жылдамдаттық» деді.

Хүрриет газеті «Франция компанияларының Түркияға инвестициясы артады» деген тақырып қолданған. Францияның Сыртқы сауда және инвестиция министрі Франк Риестер Түркия мен Франция арасындағы екі жақты сауданың өте маңызды деңгейде екенін білдірді. Ол «Өткен жылы 14 миллиард евролық өзара сауда жүзеге асырдық. Соңғы айларда өзара сауданың жылдамдағанын байқадық.  Сондықтан биыл 16 миллиард евро деңгейіне көтерілеміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар