Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1704944
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Мысырмен ақылдасу кеңестері жалғасады» деген хабар жариялаған.  Түркия мен Мысыр ақылдасуларының екінші туры Анкарада болып өтті.  Сыртқы істер министрлігі келіссөзге байланысты мәлімдеме жариялады. Министрлік екі елдің де қатынастарды қалыпта түсіру үшін қосымша қадам басылуы және келіссөздің жалғастырылуына келіскенін хабарлады.

Стар газеті Гвинеядағы әскери төңкеріске орын берген.  Мамандар Гвинеядағы соңғы әскери төңкерісті Франциядан бөлек ойламау керектігін айтты.  Франция секілді батыс елдерінде білім алған гвинеялық офицерлер президент Альфа Гонденің елді Ресей және Түркиямен жақындастыруына мазасызданды.

Хүрриет газеті TEKNOFEST фестиваліне орын берген. TEKNOFEST Авиация, Ғарыш және Технология фестивалі шеңберінде Рокетсан демеушілігінде және Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеулер мекемесінің қолдауымен «Зымыран жарыстары» жалғасып жатыр.  Тұз көліндегі «Хисар» ату алаңындағы жарыс 1 қыркүйек күні басталды. Әлемдегі ең ірі ғарыш, авиация және технология фестивалінде лицей оқушылары өздері дайындаған жоғары биіктікте ұшатын зымырандарын жарыстырады.

Сабах газеті «Вакцина жасап шығару – мықты ел деген сөз» хабарына орын берген. Вакцина шығару әрі материалдық, әрі ғалымдар тұрғысынан қиын жұмыс.  Коронавирус вакциналары Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Еуропа, Қытай, Ресей және Үндістанда жетілдірілді. Түркия да жақында коронавирус вакцинасын жетілдірген мықты елдер қатарына енеді. Отандық вакцина Turkovac-тың қыс маусымынан бұрын қолданысқа берілуі күтілуде.

Ватан газеті «Отандық автомобиль 2022 жылы дайын болады» деген хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк көп күткен отандық автомбиль TOGG көлігінің 2022 жылы дайын болатынын айтты. Варанк автомобиль жобасында барлық нәрсе жоспарлағандай жүріп жатқанын, алғашқы отандық көліктің Түркияны автомбиль саласында жаңа лигаға көтеретінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар