Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1704479
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  президент Режеп Тайып Ердоған Ауғанстанда Талибан жариялаған уақытша үкіметтің қай уақытқа дейін жалғасатыны белгілі еместігін айтып: «Біз осы процесті жақсы қадағалауымыз керек» деді. Кабул әуежайының басқарылуы тақырыбында болса Ердоған «Ең басынан бері болымды көзқарас білдірдік.  Ал қазір біз үшін болымды нәрсе әлі жоқ.  Біздің принцибімізге сай болымды процесс жалғасатын болса,  біз де болымды жауап береміз» деді.

Йени Шафак газеті «Ердоғаннан соңғы 19 жылда салынған туннельдерге байланысты жазба» деген тақырып қолданған.  Президент Ердоған әлеуметтік желіде «Тауларды тестік, теңіздерден астық, соңғы 19 жылда барлық ұзындығы 567 км 364 туннельді қызметке бердік.  Елімізге және ұлтымызға сыйладық. Армандарымызды орындауды жалғастырамыз» деді.

Сабах газеті порттардағы қозғалысқа орын берген.  Экспорттың артуына параллель Түркия порттары қарбалас күндерде.  Әсіресе шілде және тамыз айларында порттарда коронавирус пандемиясынан бұрынғы уақытмен салыстырғанда 7,9 пайыз арту тіркелді. Экспортта темір-болат,  кен,  төзімді электроникалық бұйымдар мен азық-түлік алға шықты.  Автомобиль бөлшектері және қосалқы өнеркәсі болса ең ірі импорт көзі.

Стар газеті «Қазақстан Түркияның бай тәжірибесінен пайдаланғысы келеді» деген хабар жариялаған.  Түрік инвесторларды еліне шақырған Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның медицина және білім беру жүйесіндегі тәжірибесін пайдаланғысы келетіндерін айтты.  Ол Қазақстандағы ең үлкен мәселелердің бірінің мектеп пен жатақхана санының жеткіліксіз болуы екенін, Түркияның осы тақырыпта ынтымақтастық жасауына болатынын білдірді.

Хүрриет газеті «Соғысатын дрондан жарысады» деген тақырып қолданған. TEKNOFEST Авиация, Ғарыш және Технология фестивалі шеңберінде ұйымдастырылған «Соғысатын ұшқышсыз әуе аппараттары байқауы» кеше Бурсада басталды. 50 мыңға жуық командада 250 мың жас осы жарыстарға қатысуда.  Фестиваль қыркүйек айын бойы жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар