Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1703114
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «1 қаңтар күнінен бері 1865 террорист залалсыздандырылды» деген хабарға орын берген.  Хабарға қарағанда,  Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеше хабарлама жариялады. Хабарламада «Бір айда ел территориясында және шекара тысында 22 операция жүргізілді.  2015 жылдың 24 шілде күнінен бері 18 мың 455, биыл жылдың басынан бері 1865 террорист залалсыздандырылды» деп айтылған.

Хүрриет газеті «Биыл 143 террорист берілді» деген хабар жариялаған.  Ішкі істер министрлігі кеше көндіру жұмыстары нәтижесінде сепаратистік террорлық ұйым PKK-дан қашқан бір террористтің өздігінен берілгенін білдірді. Осылайша биыл берілген террорист саны 143-ке жетті.

Стар газеті «Түркия 8 айда көршілеріне 12,5 миллиард долларлық экспорт жасады» деген тақырып қолданған. Түркияның биыл қаңтар-тамыз айларында көршілері – Болгария, Иран, Ирак, Грузия, Сирия және Грекияға жасаған экспорты өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 34,5 пайыз артып, 12,5 миллиард долларға жетті.

Хабер Түрік газеті «АҚШ-тан тағы бір жүлде» деген хабар жариялаған.  Режиссер Дервиш Заимнің «Flaşbellek» атты фильмі Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк штатындағы фестивальде «Үздік Халықаралық Фильм» жүлдесін алды.

Ватан газеті «Волейболшылар Еуропа Чемпионатында үш жеңіске жетті» деген хабарға орын берген. Ерлер арасындағы ұлттық құрама Еуропа Чемпионатындағы үшінші матчында Солтүстік Македония командасын 3-0 есебімен жеңіп, үш мачта да жеңіске жетті.



Ұқсас жаңалықтар