Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1701361
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хүрриет газеті «Президент Ердоған: Әлемде жылдам өскен екінші экономика атандық» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кешегі мәлімдемесінде Түркия экономикасының екінші тоқсанда 21,7 пайыз өскенін еске салып, Түркияның әлемде жылдам өскен екінші экономика болғанын айтты.

Сабах газеті Сыртқы істер министрінің байланыстарына орын берген.  Министр Мевлүт Чавушоғлу Сербия сапарындағы байланыстары шеңберінде Ұлттық мәжіліс төрағасы Ивика Дачичпен бас қосты. Сыртқы істер министрі әлеуметтік желідегі есебінде «Сербия Ұлттық мәжілісі төрағасы, досым Ивика Дачичпен кездестік. Қатынастарымыздың парламенттік деңгейіне көп көңіл бөлеміз» деді.

Ватан газеті «Түрік әскері әлем бейбітшілігіне қызмет етеді» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ауғанстаннан эвакуация тақырыбында кеше мәлімдеме жасады.  «Түрік әскері бүгінге дейін өзі міндет атқарған территорияларда болғаны секілді Ауғанстанда да ата-бабасына,  даңқты тарихына жарасатын түрде міндетін табыспен атқарып,  ауған халқының көңіліне жағып, әлем бейбітшілігіне қызмет етіп, мақтанышпен елге оралды» деді ол.

Хабер Түрік газеті «Стамбул әуежайы Еуропаның ең тиімді әуежайы болып сайланды» деген хабарға орын берген.  Стамбул әуежайы Авиатасымалдау зерттеулер қоғамы тарапынан 40 миллионнан астам жолаушы тасымалдау категориясында «Еуропаның ең тиімді әуежайы» жүлдесіне лайық деп табылды.

Стар газеті «Түркия – әлемде алғашқы ондықта» деген хабар жариялаған.  Түркия өткен жылы күшіне енген 2 мың 500 мегаваттық гидроэлектр әлеуетімен әлемде осы салада ең жоғары әлеуеті бар алғашқы он ел қатарында орын алды.

Түркияның гидроэлектрлік күші шілде айында 31 мың 436 мегаваттқа жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар