Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1693702
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғанның Талибанмен кездесуі хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Ауғанстандағы оқиғаларды тікелей эфирде бағалағанда «Тиісті мекемелеріміз біршама уақыттан бері Талибанмен байланыста еді. Біз алдында Талибан басшыларын қабылдай алатынымызды айтқан болатынбыз. Ауған халқының тыныштығы мен еліміздің мүдделерін қорғау үшін әртүрлі тақырыпта ынтымақтастыққа дайынбыз. Талибан көшбасшыларының байсалды және болымды мәлімдемелерін құптаймыз» деді. 

Ватан газеті «Акар: Ауғанстандағы түрік әскерінің қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қабылдадық» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ауғанстандағы оқиғаларға қатысты «Түрік әскерінің қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қабылдадық және қолданамыз. Түрік әскерінің өміріне қауіп төндіруіміз мүмкін емес» деді.  

Стар газеті «ТҚК ұшатын қамалды жіберді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Талибан Кабулды басып алған соң Түрік Қарулы күштерінің (ТҚК) Түркияға оралуға өтініш білдірген 200-ден астам түрік азаматын эвакуациялау үшін Ауғанстанға әскери-ұшақ жіберілді. «Ұшатын қамал» деп аталатын «A400 M» әскери жүк ұшағы Кабулдан азаматтарды алып көтерілді.  

Йени шафак газеті «Ливиядан қатаң жауап: Түркиямен келісімді бұзбаймыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ливия мен Түркия арасында қол қойылған келісімді тоқтату шақырулары артқан соң мәлімдеме жасаған Ливия Мемлекеттік жоғары кеңесі төрағасы Халид әл-Мишри «Келісімді тоқтату туралы талаптарды еш қабылдамаймыз және айыптаймыз» деді. 

Сабах газеті «Немістер мен орыстар күзде де Түркияда болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда неміс және ресейлік туристер күзді Түркияда өткізеді. Қыркүйек айында жағалаудағы мейманханалар 80 пайызға толса, сұраныстың қазан айында жалғасуы және туризм маусымының қарашаның ортасына дейін созылуы күтіледі. 



Ұқсас жаңалықтар