Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды тақырыптарға орын берген.

1681457
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  президент Режеп Тайып Ердоған Ангола президенті Жао Мануэль Гончалвес Лауренсомен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.  Ол екі ел арасында сауда айналымының өте төмен екенін айтып «Қазір сауда айналымы 176 миллион доллар. Бұл екі мықты ел үшін өте аз. Алғашқы сатыда 500 миллион долларға жеткізуге келістік» деді.

Йени Шафак газеті «Американдық Форбс: Түркия ұшқышсыз қарулы әуе аппараттары экспорт нарығын қалыптастыруда» деген хабар жариялаған.  Әлем баспасөзі Түркияның ұшқышсыз әуе аппараттарының табысын талқылауын жалғастыруда.  Америка Құрама Штаттарындағы Форбс журналы әскери дронда Түркияның үлкен экспорт нарығы қалыптастырғанын жазды.  Хабарда әуе аппараттарының НАТО-ға мүше елдер мен Еуропа елдері арасында өзіне тұтынушы тапқаны айтылды.

Ватан газеті «Түркия Иран шекарасында қозғалысқа өтті» деген хабар жариялаған. Ван қаласы әкімі Мехмет Емин Билмез көш қысымы артқаннан кейін Түркия мен Иран шекара қауіпсіздігінің қамдалуы, заңсыз өту және заңсыз сауданың болдырылмауы,  террористердің енуіне кедергі болу мақсатымен қабырға салынатынын білдірді.

Хүрриет газеті «Әлемнің тұңғыш «күлкі» эмоджиі көрмеге қойылды» деген тақырып қолданған.  Газиантеп қаласының Сирия шекарасындағы Каркамыш ауданындағы ежелгі қалада 4 жыл бұрын үстінде «күлкі» эмоджиі бар су бөтелкесі табылды. 3700 жылдық су бөтелкесінің үстіндегі күлкі ишараты әлемнің тұңғыш эмоджиі деп аталды.  газиантеп Археология мұражайында көрмеге қойылған су бөтелкесін бір айда 10 мың адам тамашалады.

Сабах газеті «Анталияға тек 9 күнде жарты миллионнан астам турист келді» деген хабар жариялаған. Анталияға 17-25 шілде күнін қамтитын 9 күнде Ресейден 200 мың 356, Германиядан 76 мың 152, Украинадан 68 мың 663, Польшадан 28 мың 898 және Қазақстаннан 15 мың 917 турист келді. Келген турист саны жалпы 562 мың 907-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар