Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1674562
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Түркия экономикалық жақтан өсті» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайдағы Кабинет жиналысынан кейін баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Президент Ердоған: "Түркия саяси және экономикалық жақтан әлемдегі ең жоғарғы өреге қадам басуға беталуда. Күн тәртіптегі жобаларды атқарғанымызда күшті де үлкен бір Түркияны құрамыз. 2021 жылы ұлы да күшті Түркияны құру жолында экономикада мықты қадаммен ілгерлеудеміз" деген бағаландыру жасады.

Стар газеті «Түркия аймақта күшеюде» атты хабарға орын берген. Еуропа Одағы Батыс Балкан және Түркияға қолдау жөнінде мәлімдеме жасады. Еуропа Одағы Кеңесі тарапынан жарияланған хаттамада алдымыздағы күндерде өтетін жиналыстың Батыс Балкан және Түркияға қолдау мақсатында болатыны білдірілді.

Йени Шафак газеті «Қорғаныстың алпауыт тізіміне 2 түрік фирмасы енгізілді» деген хабар жариялаған. Әлемнің ең әйгілі қорғаныс өнеркәсібі тізімі ретінде қабылданған «Defense News Top 100» тізіміне 2 түрік фирмасы кірді. Тізімде Әскери электроника өнеркәсібі(ASELSAN) 48-ші, Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібі (TUSAŞ)  68-ші орынды иеледі.

Хабер Түрік газеті «Ресейден Анталияға екі аптада 307 мың 417 орыс турист келді» атты хабар жариялаған. Әлемдегі маңызды туризм орталықтары арасындағы Анталия екі аптада мың 95 ұшақ рейсімен келген 307 мың 417 орыс қонақты күтіп алды. 

Хүрриет газеті «Шетелдіктерге өте көп тұрғын үй сатылды» атты хабарға орын берген.Түркияда осы жылдың алғашқы жартысында шетелдіктерге тұрғын үй саудасы өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 44 пайыз артты. Осылайша шетелдіктерге тұрғын үй саудасы жылдың алғашқы жартысында өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 44 пайыз артып,  20 мың 488 тұрғын үй сатылды.

 



Ұқсас жаңалықтар