Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1665866
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Қалыпты өмірге сатылы өту» атты хабар жариялаған. 1 шілде күні басталатын сатылы түрде қалыпқа түсудің ережелері белгілі болды.  Ішкі істер министрлігі ереже жариялап, барлық  кәсіпорындар мен кинотеатрлар қайта ашылатын болды.  Ресторан мен кафелердегі кісі саны мен той және неке қию рәсімдеріндегі қатысу саны шектелмейді.  Жаңа кезеңде концерт және фестивальдерге рұқсат беріледі. Саябақ және пикник алаңдарында шектеме болмайды.

Хабер Түрік газеті «Қаратеңізде жаңа табиғи газ ашылып қалуы мүмкін» деген хабарға орын берген. Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез табиғи газ тақыбырында биыл, жетіспесе алдымыздағы жылы Қаратеңізде барлау мақсатты бұрғы жоспарланатынын хабарлады.  Қаратеңіздің тиімділік жағынан әлеуеті жоғары аймақ екенін айтқан министр «Егер қазіргі деректер секілді мәліметке қол жеткізсек, солтүстік батыстағы алаңда да газ аштық деп жариялауымыз мүмкін» деді.

Хүрриет газеті «Түркияның цифрлық нарық заңы келеді» деген хабар жариялаған.

Түркияда Цифрлық нарық заңы үшін дайындықтар жалғасуда. Жаңа заңның 2022 жылы күшіне енуі жоспарланды. Цифрлық нарық заңының әрі тұтынушы, әрі сатушының құқығын қорғайтын заң болатынын білдірген Бәсеке мекемесі төрағасы Бирол Күле «Еуропа Одағы парламенті мен Германиядан кейін біз жасаймыз» деді.

Сабах газеті «Америка Құрама Штаттарының СКТР-на ықыласы артты» деген хабар жариялаған.  Америка Түрік Бизнес жетілдіру кеңесі (ATBD Counsil) құрметті төрағасы Угур Терзиоғлу президент Режеп Тайып Ердоған және АҚШ президенті Джо Байденнің Брюссельдегі кездесуінен кейін Түркияның Америка Құрама Штаттарына экспортының жылдам артқанын айтты.  Ол Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан да АҚШ-пен сауданың жеңіл жасалғанын, АҚШ фирмаларының СКТР-нда кеңсе ашқандарын білдірді.

Стар газеті «Гөбеклитепе әлемде одан да танымал жер болады» деген хабар жариялаған.  ЮНЕСКО-ныың Әлемдік мұра тізімінде орын алған, әлемнің белгілі ең ежелгі елді мекені болып саналатын Гөбеклитепенің төңірегінде тағы да жаңа қоныстар ашылды. Төңіректегі 100 километрлік желіде анықталған он бір жерде қазбалар аяқталып қалды.  Аймақ қыркүйек айында таныстырылады.



Ұқсас жаңалықтар