Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1658304
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті газеті  «Президент Ердоған: Байденмен келістік» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО елдерінің мемлекет және үкімет басшылары саммиті үшін барған Бельгия бас қаласы Брюссельде АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу өткізгенін айтты. Байденмен кездесуінде көптеген тақырыпта қалай даму болатынын қолға алғандарын айтқан Ердоған: «Тікелей диалогтарды көбейту тақырыбында келістік» деді.

Стар газеті «Ердоған барша әлемге жариялады: Күткен қолдауды ала алмадық» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше НАТО-ға видео жолдама жіберді. Ердоған «Шекара тысы операцияларымызда 4 мыңға тарта ДАИШ-тік террористті залалсыздандырдық. Террордың әртүріне қарсы күрес жүргізудеміз. Өкінішке орай одақтастарымыздан күткен қолдауды ала алмадық» деді.

Хүрриет газеті «Анталияға келген турист саны артты» атты хабар жариялаған. Анталияға 8 күнде 120 мың турист келді. Fraport TAV Анталия әуежайы бас директоры Билгихан Йылмаз Германия, Украина және Польшадан келген турист санының артқанын білдірді.

Сабах газеті «Отандық электрлі пойыз өндірілді» деген хабар жариялаған. Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу отандық электрлі пойызбен байланысты «Өндірілген электрлі пойыздарды сынақтан өткізілуді. Пойызымыз осы жылдың ішінде іске қосылады» деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті «Автокөлік өндірісі мен экспорты артты» атты хабарға орын берген. Түркияда қаңтар-мамыр маусымында автокөлік өндірісі өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстарғанда 28 пайыз артып, 532 мың 441 дана болды. Бірдей мезгілде автокөлік экспорты 18 пайыз артып, 391 мың  70 данаға жетті.



Ұқсас жаңалықтар