Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1638259
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израильдің Әл-Ақса мешітімен Газадағы шабуылдарына байланысты бұдан бұрын БҰҰ-н төтенше жиналысқа шақырғандарын білдірді. «Біз әрдайым айыптаймыз, бірақ үмбет қадам басуымызды күтеді.  Енді осындай шабуылдардың доғарылуы керек.  Халықаралық құқық шеңберінде палестиналықтардың құқықтарын қорғауымыз керек. Екі мемлекетті шешім көзқарасынан ешқашан бас тартпауымыз қажет» деді ол.

Сабах газеті «Палестинадан Түркияға алғыс» атты хабар жариялаған.  Палестинаның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Др. Фаед Мұстафа президент Режеп Тайып Ердоған мен түрік халқының Израиль зұлымдығы алдында өз ұстанымын көрсеткенін айтты.  Ол Түркияның Палестина халқының әрқашан үміті болғанын атап көрсетті. «Палестина мемлекеті атынан Иерусалим қаласына және Әл-Ақса мешітіне қолдау беру үшін алаңға шыққан,  көмек көрсеткен Түркия халқына және президент Ердоғанға алғыс білдіремін» деді ол.

Хабер Түрік газеті «Инстаграмның Израиль цензурасына наразылық» атты хабар жариялаған.  Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Байкар компаниясының техникалық директоры Селчук Байрактардың Әл-Ақса мешітінде шыққан өртті тойлау барысында еврейлердің көріністерін жариялағанын, ал Инстаграмның осы көріністерді жасыруына байланысты «Жек көрушілікті нанымға айналдырғандар ғибадат орнын өртеген кезде тойлап жатыр.  Әлеуметтік медиа осы жек көрушілікпен күрескендерге цензура жасайды. Күресіміз жалғасады» деді.

Йени Шафак газеті «TRT World тілшісінің сұрағы» деген хабар жариялаған. Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нед Прайс TRT World арнасының Ақ Үйдегі тілшісі Юнус Паксойдың Палестинаға байланысты сұрағына не дерін білмеді.  Сөйлем құруға қиналған Прайс көптеген бейбіт тұрғынның өліміне себеп болған Израиль бомбалауын айыптаудан аулақ тұрды.

Хүрриет газеті маңызды хабарламаға орын берген.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын газетке маңызды мәлімдеме жасады.  «Америкаға F-35 әскери ұшақ ұсынысымызды қайталаймыз. Ресейден алынған әуе қорғаныс жүйелері тақырыбын келіссөзбен шешуге болады.  Ливияда теңіз өкілеттілік келісімідеріне бағынамыз. Әлем елдері Израильдің зұлымдығына «тоқта» деу керек. Сирияда Башар Асадпен кездесу мүмкін емес.  Еуропа Одағы тақырыбында келесі қадам олардың қолында» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар