Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1635005
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Грекия айтақтаушы әрекеттерін жалғастыруда» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен видеоконференция арқылы сөйлесті. Ердоған Меркельмен өткізген кездесу барысында Эгей теңізінде босқындарға жасаған зұлматына және Түркияны нысанаға алған айтақтаушы әрекеттеріне орай Грекияға ескерту жасады. 

Хабер Түрік газеті «Ливия Түркиямен жасаған келісіміне адал» деген хабарға орын берген. Ливия Ұлттық бірлік үкіметінің премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе мемлекетінің Түркиямен жасаған әскери қорғаныс келісімі жөнінде Грекиямен көзқарасының ұқсамастығын айтты. Келісімге адал екенін түсіндірген Дибейбе "Ливиялықтардың мүдделері үшін пайдалы бұл келісімнен бас тартпаймыз" деді. 

Хүрриет газеті «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Татар азаматтарына береке-бірлік жайлы үндеу тастады» атты хабарға орын берген. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Эрсин Татар Кипрде тепе-теңдікке негізделген ұсыныстарының үлкен жаңғырық жаратқанын білдіріп, "Понти әкімшілінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасына, Кипр түрік халқына және өзіме қарсы бір әрекет бастағанын көрудеміз" деді. Татар "Сіздерден береке-бірлікті сақтауды, әртүрді провокацияға қарсы абай болуларыңызды өтінемін. Жарқын болашаққа бірге жететінімізге кәміл сенемін" деген сөздер қолданды. 

Стар газеті «Еуропа Одағы жиналысында Түркия күн тәртіпке келді» деген хабар жариялаған. Еуропа Одағының кеңеюіне жауапты басшысы Оливер Вархели Еуропа Одағының Албанияға жіберген вакциналардың астана Тиранадағы тапсырып беру рәсімінде премьер-министр Эди Рамамен бірге өткізген ортақ баспасөз жиналысы барысында Түрік әуе жолдарына тиесілі жолаушы ұшағы ұшып-қону жолағында алға қарай жүре бастады. Екі лидер Түрік әуе жолдарының атын айтып, күлімсіреді. Бұл тамаша көріністер  теледидар каналдарында тікелей эфирде берілді. 

Ватан газеті «Францияда ұлттық футболшы Бурак Йылмаз үлкен абыройға ие болды» деген хабарға орын берген.  Франция футболының 1-лигасы (Ligue 1) Лилль  командасында футбол ойнаған  түрік футболшы Бурак Йылмаз сәуір айының ең үздік футболшысы сайланды.  Бурак Йылмаз 1-лига матчында  13  гол салды. 

 



Ұқсас жаңалықтар