Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1626219
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті президент Ердоғанның Сыртқы істер министріне алғыс айтқанын хабарлаған. Президент, Әділет және даму партиясының басшысы Режеп Тайып Ердоған кеше партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөз сөйледі. Ол өткен аптада Анкараға келген Грекия Сыртқы істер министрінің Мевлүт Чавушоғлумен бірге өткізген баспасөз мәслихатына тоқталды. Ердоған Сыртқы істер министріне грек министрге берген жауабы үшін алғыс айтты.

Хабер Түрік газеті «Сауда министрі Муш: Бір ғана мақсатымыз 84 миллионның жағдайын көтеру» деген хабар жариялаған. Сауда министрі Мехмет Муш «Түркияның экспортының арттырылуы және экономиканың өсуі, даму деңгейінің жоғарлатылуы үшін қолымыздан келген жұмысты атқарамыз.  Бір ғана мақсатымыз бар- 84 миллионның жағдайын көтеру» деді.

Хүрриет газеті «Жылдың алғашқы тоқсанында құлпынай экспортында 333% рекорд өсім» деген хабар жариялаған.  Балғын, қатырылған немесе кептірілген күйінде 29 елге сатылған құлпынайдың экспорты 2021 жылдың алғашқы тоқсанында рекорд деңгейге жетті.  Экспорт 333% артты. Түркияда құлпынай экспорты алғашқы үш айда 993 мың доллардан 4 миллион 307 мың долларға көтерілді.

Стар газеті «Еуропаның тәжін Стамбул алады» деген хабар жариялаған. Ұлыбританияда шығатын The Independent  газетінің саяхат тілшісі Симон Калдер «Авиация аналисті Heathrow әуежайының Еуропа тәжін Стамбулға беріп қоятынын айтады» деген мәлімдеме жасады.  Калдер мақаласында «Халықаралық транспорт орталықтары коронавирус пандемиясынан кейін жөнделгенге дейін Стамбул әуежайы Еуропаның үздігі ретінде қабылдаттырады» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті “YouTube Kids” Түркияда ашылды» деген хабарға орын берген. YouTube әлем көлемінде қолданысқа ашылған жаңа қосымшасын Түркияда да ашты. Балаларға арналған арнайы контенттер берілетін қызметте жастарына қарай түрлі фильтрлер қолданылады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар