Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1620168
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Президент Ердоған: Ливияға қолдауымыз жалғасады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Ливия арасында жасалған келісімнің артынан Ливия премьер-министрі Абдулхамид әл-Дибейбемен бірге ортақ мәлімдеме жасады. Ердоған өз сөзінде Ливияға берілген қолдаудың жалғасатынын атап, «Ливиямен теңіз жауапкершілік алаңдарына қатысты қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум арқылы екі елдің ұлттық мүдделері мен болашағы қорғауға алынды» деді.

Ватан газеті «Мысырдан Түркия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мысыр Сыртқы істер министрі Самих Шукри елінің Түркиямен екі жақтың да мүддесіне болатын келіссөздер мен халықаралық құқық ережелеріне сәйкес қарым-қатынас орнатуға дайын және ынталы екендерін атап көрсетті.

Сабах газеті «Әлемдегі ең мықты армиялар жарияланды!»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда жыл сайын әлемдік мемлекеттердің әскери күштерін мұқият бақылауға алып, әлемдік күштер тізімін бөлісетін АҚШ-тағы Global Firepower 2021 жылға арналған «Әлемнің ең мықты әскери күштері» тізімін жариялады. Әсіресе соңғы жылдары жетілдірген «ПӘК / ҚПӘК» (пилотсыз әуе көлігі/қарулы пилотсыз әуе көлігі) технологиясымен әлем алпауыттарының біріне айналған Түрік Қарулы күштері биыл шыңға одан да көтеріліп, 11-ші орынды иеледі.

Хүррийет газеті «Hürjet монтажға дайындалуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі АҚ маңызды жобасын аяқтап, отандық реактивті оқу-жаттығу ұшағы «Hürjet» (Хүржет) үшін бөлшек өндірісін бастады. Жылдың аяғында монтаж жұмыстарының басталуы мақсат етіледі.

Cтар газеті «ТӘЖ Еуропадағы көшбасшылығын жалғастырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропалық аэронавигация қауіпсіздігі ұйымы (EUROCONTROL) жариялаған есеп бойынша 4-11 сәуір күндері арасында Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ)  күніне орташа ұшқан 779 рейспен еуропалық қарсыластарын артта қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар