Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1615681
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоғанның Монтре туралы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған 1936 ж. Бұғаздардың мәртебесі туралы Монтре конвенциясының Түркияға айтарлықтай табыстар келтіргенін, одан жақсысы үшін мүмкіндік болғанша өз міндеттемелерін одан әрі жалғастыратындарын атап көрсетті. Ердоған болашақта қажеттілік туындаған жағдайда, елді жақсарту үшін әр конвенцияны қайта қараудан бас тартпайтындарын мәлімдеді.

Cтар газеті «Ердоған екі басшыға телефон шалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Вьоса Османи-Садриуға телефон шалып, президент болып сайланғаны үшін құттықтады. Түрік қоғамының жаңа үкіметтің құрылуы мен президенттік сайлау процестеріндегі сындарлы ұстанымына назар аударған Ердоған екі ел арасындағы тарихи достық пен бауырластық қарым-қатынастарының жаңа кезеңде нығая түсетініне сенгенін баса айтты. Ердоған Катар Әмірі Әл-Санимен телефон әңгімесінде болса өзара және аймақтық мәселелер қолға алынды.

Йени Шафак газеті «Түркия Ресеймен ғарыштық келісім жасай алады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия ғарыш агенттігі төрағасы Хусейин Йылдырым Ресеймен ғарыш саласында ынтымақтастық туралы келісімге жақын уақытта қол қойыла алатынын айтты. Йылдырым «Ұлттық мақсаттарымызға сәйкес анықтаған елдер және халықаралық ұйымдармен байланыс орнатамыз. Ресейге қоса көптеген елмен ынтымақтастық тақырыбында жұмыс істеп жатырмыз және жақын арада келісімдерге қол қоюды жоспарлап отырмыз» деді.

Ватан газеті «Әзербайжан мен Түркия арасында жаңа ынтымақтастық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жеке куәлікпен саяхат режимі басталған Түркия мен Әзербайжан арасында жаңа бір келісім күшіне енеді. Қол қойылған хаттамамен әсіресе денсаулық сақтау саласынан бастап, жалпы бірлескен туризм платформасы құрылады. Бұл келісім екі ел арасындағы сапарлардың санын едәуір арттырады.

Сабах газеті «Пилотсыз әуе көліктерінің артынан қазіргі нысана – пилотсыз әскери ұшақ» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның шекарадан тыс жүргізген операцияларында үлкен рөл ойнаған және соңғы рет Әзербайжанның Таулы Қарабахтағы жеңісінде Армения армиясына ауыр соққы енгізген түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерінің өнертапқышы Селчук Байрактар жаңа бір жоба туралы мәлімдемеді. Байрактар ​​пилотсыз әскери ұшақтарды өндіру үшін бастаған жұмыстардың жалғасқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар