Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1613453
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия – мықты қаһарман» атты хабарға орын берген.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Түркияны мақтады.  Ол Түркияның 2021 Халықаралық Медицина қызметкерлері жылы болуының «мықты қаһарманы» екенін айтты.  ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа да шақырылған брифингте Гебрейесус Түркияда эпидемияның қиын күндерінде медицина қызметкерлерінің вакциналанғанына қуанғанын білдірді.  Түркияның ұсынысына орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылды Медицина қызметкерлері жылы деп жариялаған болатын.

Хүрриет газеті «Екі ел арасында жаңа кезең» деген хабар жариялаған.  Түркия мен Әзербайжан арасында куәлікпен саяхаттау хаттамасы кеше күшіне енді.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Жан Әзербайжанмен саяхат енді тек жеке куәлікпен мүмкін.  Азаматтарымыз бен әзербайжандық бауырларымыз үшін қайырлы болсын» деп жазды.

Йени Шафак газеті «Наурыз айында ең жоғары экспорт көрсеткіші» деген хабарға орын берген. ТР Сауда министрі Рухсар Пекжан «Наурыз айында экспорт 2020 жылдың осы айымен салыстырғанда 42,2 пайыз артты. 18 миллиард 985 миллион долларға жетті.  Бұл ең жоғары экспорт көрсеткіші» деді.

Хабер Түрік газеті «Әлемге танымал дизайн лидері» деген хабар жариялаған.  Түркияның автомобилі бастама тобы TOGG Volkswagen және  Mercedes компанияларының бұрынғы дизайнері Мурат Гүнактың Дизайн лидері ретінде командаға қосылғанын білдірді.

Сабах газеті «Түрік Әуе жолдары Еуропада лидерлігін жалғастырды» деген хабар жариялаған. Еуропа авиация қауіпсіздігі ұйымының есебіне қарағанда Түрік Әуе жолдары күніне орташа 755 рейспен Еуропада қарсыластарын артта қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар